43
Балама тест:
1. Құрмалас сөйлем кемінде екі жай сөйлемнен тұра ма?
2. Сабақтас құрмаластардың баяндауыштары тең дәрежеде
байланыса ма? 3. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы
жай сөйлемдердің баяндауыштары бәрі бірдей тиянақты
бола ма? 4. Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары
тиянақсыз бола ма? 5. Сабақтас құрмалас сөйлемнің
бағыныңқысының баяндауыштары шартты райдың
-са, -се
жұрнақтары арқылы жасала ма?
Ұлболсын ҮСЕНОВА,
Шона Смаханұлы атындағы
№62 гимназия мұғалімі.
Алматы қаласы.
БУЫН ҮНДЕСТІГІНЕ
БАҒЫНБАЙТЫН ҚОСЫМШАЛАР
(5-сынып)
Сабақтың мақсаты: тақырыптың тың дүние екендігі,
атқаратын рөлі мен анықтамасын санаға сіңіріп, нақты
мысалдар арқылы оны еркін дәлелдеуге төселдіру.
Міндеттері: білімділік – буын үндестігі туралы мағлұмат
беру,буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды
ұғындыру;
дамытушылық – оқушылардың білімге деген
қызығушылығын арттыру,өз бетінше жұмыс істей білуге
баулу, тіл байлығын, ой-өрісін, іскерлік дағдыларын,
шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту;
тәрбиелік –
өз аналарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.