4. Бақылау сұрақтары:
1. Негiзгi түбiр етiстiктер мен туынды түбiр етiстiктердің айырмашылықтар неде?
2. Дара және күрделi етiстiктерді қалай ажыратамыз?
3. Күрделі етістіктер қалай жасалады?
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
Жаттығу жұмыстары.
1-жаттығу. Негізгі, туынды түбір етістіктерді анықтаңыз.
Қара сұр бұлт жыртылып, жыртығынан жарқ етіп күн көрінгенде сонау батыста Асаудың арғы бетінен Айша-бибінің күмбезі жарқырайды. Бұлттың жыртығы қайта жамалып, күн көрінбей қалады. Күннің өзі әлгі жыртықтан құлап түсіп, Айшабибі күмбезіне айнала салған сияқты.
Ұлы Таластың інісі Асау өзені ғашықтардың киесі Айша бибі Асаудың арғы бетінде, Айша бибінің сүйген жігіті Таластың бергі бетінде: екеуін айырып тұрған – екі өзен, екеуі бір-біріне жете алмастан, ынтазар көңілдер көнши алмастан, бір-біріне күмбез болып қол бұлғасқан дауылды дүние. Өзендер толқыны солардың арманындай, ешбір өксігі басылмай, таусылып болмай, жүз-жүз жылдар жылап жатқаны таңқаларлық (Ш.Мұртаза).
Достарыңызбен бөлісу: |