Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы



бет20/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

4. Бақылау сұрақтары:

1. Есімдіктің сөз табы ретінде зерттелуі, даму тарихы.

2. Есімдіктің мағыналық топтарын атаңыз?

3. Жіктеу есімдігі қалай түрленеді?

4. Сілтеу есімдіктерін атаңыз.

5. Сұрау есімдігі, олардың қолданылу ерекшеліктері.

6. Өздік есімдік, оның түрлену жүйесі.

7. Белгісіздік есімдіктерін атаңыз.

8. Болымсыздық есімдігі

9. Жалпылау есімдігі, оның қызметі.

3. Есімдіктің түрленуі, синтаксистік қызметі.
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Жаттығу жұмыстары.

1-жаттығу. Мәтінде қарамен терілген есімдіктердің қолданысына назар аударып, стильдік қызметін ашып көрсетіңіз.

Баяғыда, Базаралы жас шағында білетін осы Дәркембайдың інісі Көркембай бар еді. Ол ерте күнде ішкі жаққа, орыс ішіне жалға жүріп кеткен болатын. Базаралы кеткен соң, сол Көркембай өлер шағында ылдидан, орыс ішінен Дәркембайға сәлем айтқан екен. «Көзім тіріде бір көрісіп қалайық» депті. Дәркембай барып жатқанда, сол інісі қаза болыпты. Өлерінде жалғыз баласы мен өлмелі кемпірін «қолыңа ал!», «елге алып кет» деген екен. Содан қалған жалғыз бала Дәркембайдың ендігі тынысы мен қуаты боп жүр екен. Ол – Дәрмен еді (М.Әуезов).
2-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді бірге я бөлек жазылатынын анықтап, жаттығуды көшіріңіздер, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.

(Әр)кімнің өз жері – Мысыр шаһары. (Әр)елдің заңы басқа, иттері қара қасқа. Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала (еш)нәрсені ойламайды. (Әр)нәрсе сынарында өзінен мықтыға жолығады. Ана сүтін ақтамағанды (еш)кім мақтамайды. Болар елдің баласы, (он)бесінде «баспын» дер, болмас елдің баласы, (отыз)бесте «жаспын» дер. Бір ауылда мың туысың болғанша, (әр)ауылда бір туысың болсын. Тірлікте ілім үйрен көріп жүріп, (әр)жақсының соңынан еріп жүріп. Тілге (әр)күн мейрам. (Әр)кімнің бір ойы бар, қорасында мың қойы бар. Алпыс адам аттан жығылса, (әр)қайсысы өз ауырған жерін сипайды. (Әр)нәрсе уақытымен қызықты. Аузы құлып сандықты, кілт ашпаса тіл(ашар), түйін-түйін сырыңды түбінде келіп шын(ашар). Сөз(салысқан) дауға ортақ, ат(салысқан) жауға ортақ. (Әр)кім өз ойынан хабар берер. (Әр)кімнің бір аңдыған жауы бар.


3-жаттығу. Есімдік түрлерін анықтаңыз.

Қуанышын айтуға тілі жетпеді. Тоттанған кәрі жүрегіне жас, қызыл қан жорғалағанын білдіреді. Қос Шалқармен байланысты әңгіменің бәрін айта жөнеледі. Біреудің жанына байлап жіберетін жан торсық па еді ол? Қоғалы көлдер, құм сулар, Кімдерге қоныс болмаған? Ел ішінде әлді-малды үйлердің сандығында болмаса, көпшілік қолында ақша жүрмейді, кедей атаулыда ол мүлде жоқ. (М.Ә.) Түс ауа бергенде, бұл ауылға да шапқылап алымшылар жетті. (М.Ә.). Бұл арада Жақаң азырақ кідіріп, айнала жұртқа көзін салып еді, шоғырланған көп жағы қозғалысын, наразылықтарын білдіріп отыр екен. (Ғ.Мүс.) Дәл сол сәтте бойы менің кіндігімнің, тұсына ғана жететін төрт-бақ, қазанбас, жуан мойын отыздың мол ішіндегі можан-топай біреу бізге қарсы жүрді (С.Сматаев). Абай өз әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты, қайратты екенін сезеді. Қазір көп-көп ойлай, көп бағып, танып көргісі келетіні дәл осы өз қасындағы өз әкесі. Жақын жерден, қасынан қарағалы әкесі бұған үлкен жұмбақ боп тұр./М.Ә./




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет