Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс тілінде оқытылатын сыныптарға)



бет2/3
Дата05.06.2023
өлшемі29,19 Kb.
#98824
1   2   3

2-тапсырма.
Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді
берілген сөздермен бастаңыз
Мысалы:«Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі»,- дейді қазақ халқы.
Қазақ халқы ________________________________
Жауабы: Қазақ халқы өмірдің негізі жер екенін, адамның несібесі еңбек екенін айтқан.
1. Солардың бірі – Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын - «Абзал және
К» ТС-і.
«Абзал және К» ТС-і ____________________________________________________
_________________________________________________________________________
2. Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын
дәлелдеп отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.
Жас кәсіпкер Мағжан ___________________________________________________
_________________________________________________________________________
3. Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған
өнімді өз зауытында өңдейді.
Нағи Ілиясов ауылындағы _______________________________________________
_________________________________________________________________________
4. Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарына қосылды.
Қазіргі таңда __________________________________________________________
_________________________________________________________________________
5. Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде компания туған
жері – Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді.
Компания ___________________________________________________________
_________________________________________________________________________
6. Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар
қатарына қосылып отыр.
Ауыл ________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
7. «Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ», – дейді халық даналығы.
Халық даналығы ____________________________________________________
________________________________________________________________________
8. Біздің мекеме – Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания.
Қазақстандағы ______________________________________________________
_________________________________________________________________________
9. Құрылғыларды сатып алып қана қоймай, Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол
елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз.
Біз ___________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
10. Кәсібінен бақыт тапқан, ырысымен бөлісіп отырған бұл кәсіпорынға халық та риза.
Халық _______________________________________________________________
________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет