А.Тайманов атындағы №34 мектеп – гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
206-кабинет
Орал қаласы, 2021-2022 оқу жылы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.
Қауіпсіздік техника ережелерін мына пунктерге бөлуге болады:
Жалпы;
ДК-де жұмыс істеу алдындағы;
Жұмыс кезіндегі;
Апатты жағдайдағы;
Жұмыс аяқталғандағы;
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
Сымдарды, жалғаушы ашаларды, разеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс
Пернетақта үстіне ештене қоюға болмайды.
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.
ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:
Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.
Сымдары жұмыс кезінде байқаусызда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.
Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.
ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см.
Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.
Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шарщауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады.
Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс.
Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: |