Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:
Бірнеше ондаған инут қозғалмай отырып компьбтермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға-оңға, төмен-жоғары.
Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.
Көзді жұмып, қолмен жауып. 1-1,5 минут отыру.
Шаршауды болдырмау жаттығулары:
Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.
Басты кезекпен екі жаққа бұру.
Саусақтарды жұдырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.
Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.
Достарыңызбен бөлісу: |