«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет1/2
Дата02.06.2023
өлшемі37,96 Kb.
#97912
  1   2
Байланысты:
ТЖБ Т2 2-тоқсан 6-сынып


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Қуат көзін үнемдей білеміз бе?
Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада
Астана – мәдениет пен өнерордасы
Қазақстан қорықтары


Тыңдалым
Электр қуатын үнемдеу - жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Оның балама көзін қарастыру үшін әлемнің сарапшылары талай бас қосты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келді. Ол елімізді аралап, желдің соғу бағытына зерттеу жұмысын жүргізген.
Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар бойынша сағатына 1,82 трлн. киловат қуат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты бекеті Қытай шекарасына жақын Жоңғар қақпасының маңайында болады. Осы жобаны жүзеге асыруға Вашингтондағы Әлемдік қоршаған ортаны қорғау тәуелсіз ұйымы екі миллион доллар қаржы бөлген.
Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысында жел станциялары салынған. Балама қуат көздерін шығаруда биоқалдықтардың да орны ерекше. Бейресми ақпаратта көрсетілгендей, жыл сайын мал шаруашылығы саласында құрғақ күйінде 22,1 млн. тонна қалдық болады екен. Сонымен бірге, 17,7 млн. өсімдік қалдығын жарату мүмкіндігі бар.
Жетісу өлкесіндегі су жүйесі еліміздегі судың жартысын құрайды. Мұнда бес шағын су электр станциясы пайдалануға берілген. Ендеше, су көзі тапшы аймақтар жел қуатын пайдалану керек. Алпысқа жуық мемлекет өздеріне жел қуатымен жұмыс істейтін электр станцияларын салған. Сондықтан бізге де қолда бар мүмкіндікті пайдаланатын уақыт жетті.
1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.

  1. Ауыл, зерттеу, топырақ

  2. Отан, бала, қала

  3. Станциялар, зерттеу, қаржы

  4. Зерттеу, адамдар, күш

[1]

2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.



  1. Еліміздегі түрлі станцияларды көбейту

  2. Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу

  3. Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу

  4. Еліміздегі өсімдіктерді қорғауға алу

[1]

3. Берілген сөйлемдердің қайсысы негізгі және қосымша қапарат екенін ажыратаңыз.





Мәтіндегі ақпараттар

Негізгі

Қосымша

  1. Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар.







  1. Электр қуатын үнемдеу - жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе.







  1. Сонымен бірге, 17,7 млн. өсімдік қалдығын жарату мүмкіндігі бар.







[3]


Оқылым
Ғани Әбдуәлиұлы Құлжанов1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған. Танымал кино және театр актері, тележүргізуші. 
1984 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін бітірген.

  • 1987 - 1991 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін, КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген.

  • 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынды.

  • 2007 жылы Астана қаласының әкімдігінің шақыртуымен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына актер ретінде қабылданды.

  • 2007 - 2013 жылдары Астана Жастар театрының директоры болды.

  • Қазіргі таңда Астана Жастар театрының актері.

  • Ғани Құлжанов «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Өзбекфильм» киностудияларында киноға түсіп, көптеген бейне сомдады. «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке» фильмдеріндегі Жохангир, Диас рөльдері көпшілік қауымның көңілінен шықты.

  • Гастрольдік сапармен Иран, Өзбекстан, Ресей елдерінде және Қазақстанның барлық облыстарында болып, өнер көрсеткен.

1.Берілген тұжырымдардан «шын, жалған» ақпаратты анықтаңыз.



Тұжырым

Шын

Жалған

  1. Ғани Құлжановтың бастапқы білімі музыкамен байланысты болған.







  1. Ғани Құлжанов бүгінгі таңда Астана қаласында.







  1. Ғани Құлжанов еліміздің кейбір өңірлерінде өнер көрсеткен.







[3]

2.Мәтіннің жанрын көрсетіңіз.



  1. Түсініктеме

  2. Түйіндеме

  3. Мінездеме

  4. Өмірбаян

  5. Хабарлама

[1]
3. Өмірбаян жанрына тән ерекшелікті көрсетіңіз.

  1. Көркем әдеби стильде жазылады

  2. Адамға мінездеме беріледі

  3. Хронологиялық тәртіппен жазылады

  4. Бір оқиға хабарланады

  5. Адамның сезімі баяндалады

[1]


Жазылым
Жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз. Жазба жұмысында қазақ тіліндегі сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне мән беріңіз.
[10]


Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. (6-8 сөйлем).
[10]



  1. Үйде электр қуатын үнемдеу жолдары.

  2. Менің өлкемді туралы шығармалар.

  3. Астана қаласының мәдениет пен өнер ордалары.

  4. Қазақстан қорықтары.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет