«Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет38/53
Дата01.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54193
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз

 
 
 
 
 
 
- мәтіндегі басты мәселені анықтайды
- анықталған проблеманы жаһандық мәселемен байланыстырады; 
- көзқарасын «ПОПС формуласы» арқылы білдіреді; 
- өз пікірін дәлелдеуде мәтін ақпараттарын қолданады. 


57 
«Алаш идеясы мен қайраткерлері» бөлімі 
Оқу мақсаты 
9.1.2.1 
тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, 
ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау; 
Бағалау критерийлері 
Білім алушы: 

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ақпараттың 
шынайылығы мен нақтылығын анықтайды 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Қолдану
 
Тапсырма 
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. 
1) Қазақ зиялылары көшбасшыларының мақсат-мұраты қандай болды? (2-3 мысал) 
2) А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары балалардың білім алуында неге басымдық 
берді? (2-3 мысал) 
Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы 
күресінде көмектесуге ұмтылды. Әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына, 
құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі 
үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу қызмет 
жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін 
оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. 
«Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдарында олар тек 
білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі 
деп, қазақ халқын білім алуға шақырды.
А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын 
атап көрсетті. Ол балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етті, «яғни 
әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен 
бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтті. XX ғасырдың басында қазақ 
зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені патша зандары 
көшпелі халықтың құқығын қорғамады. Олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік 
жағдайы туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың 
көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді. Бұл халықтың құқықтық білімін 
кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді. 
2. Берілген сөйлемдердің мәтін мазмұнына сәйкестігін анықтап, «+»/«-» таңбасын қойыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет