|
Қазақ тілі мен әдебиетінен 7-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
|
бет | 2/4 | Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 19,65 Kb. | | #12512 |
| Байланысты: 00062b0a-d4a2d4c9Қазақ тілі мен әдебиетінен 7-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І тур. Шығарма
1. Махамбет шығармаларындағы Исатай бейнесі...
2. Ұлы суреткер. (Абай шығармашылығына байланысты)
3. Халқын сүйген – салтын сүйер.
ІІ тур. Сұрақтарға жауап беру.
1. Бұл үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген ,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!...»
Авторы кім және ол туралы не білесің?
2. Образ түрлері. Типтік образ. Мысал келтір.
3. Сын есімнің түрленуі. Мысалдар келтір.
4. Сөйлемге толық (асты сызылған сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жаса.
Алыстан көрінетін қызыл қоңыр мұнара ханымның көзіне оттай басылды.
5. «Күтімі жаман ағаштың,
Бітімі де жаман» дегенді қалай түсінесің? Өз ойыңды ойтолғау түрінде жаз.
«Бекітемін»
Мектеп директоры: А.Т.Авленов
Қазақ тілі мен әдебиетінен 8-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І тур. Шығарма
1. Абай шығармаларындағы оқу-білім тақырыбы.
2. Шәкәрім – шебер суреткер.
3. Қазақтың Толағайлары.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|