Қазақ тілі мен әдебиетінен 9-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары І тур. Эссе «Атадан туған әруақты ер» Махамбет шығармаларындағы ерлік тақырыбы
ХХІ ғасырдың білім кеңістігі қандай болмақ?
Шешендік өнер – ұлттық асыл қазына
ІІ тур. Сұрақтарға жауап беру. 1. «Қамбар батыр» жырының көркемдік ерекшелігі.
2. Композиция. Мысал келтір.
3. Етіс және оның түрлері. Мысалдар келтір.
4. Сөйлемге толық (асты сызылған сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жаса.
Хамит кешікпей керек-жарақсаймандарының бәрін түгелдеп алып, бес орыс солдатымен жүріп кетті. 5. «Кітап – өмірлік серігің» Өз ойыңды ойтолғау түрінде жаз.
Қазақ тілі мен әдебиетінен 10-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары І тур. Эссе 1. «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойыңды талдап жаз
2. Махамбет – өр рухты ақын
3. Табысты болу- адамның бәсекелестік қабілетінің көрінісі
ІІ тур. Сұрақтарға жауап беру. 1.«... Бір-бірін қиып кете алмай, мұратына жете алмай қош айтысқан жандарға ұқсап, жалғызынан айрылып, қанатынан қайрылып, зарлаған бейне бір жанға ұқсап, өкінішті, өксікті, мұңды әнде сарнады. Жұрт төмен қарап, әркімнің жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды. Кенет тым-тырыс бола қалды да, шапалақ қайта соғылды. Қалғып кетіп оянған, қызықты, тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғылды...» қай шығармадан алынған үзінді? Авторы, оның шығармашылық жолы туралы не білесің?
2. Образ түрлері. Типтік образ. Прототип.
3. Аралас құрмалас сөйлем, түрлері.
4. Сөйлемге (асты сызылған сөзге лексикалық, фонетикалық, морфологиялық) талдау жаса.
Толқындай теңселген шалғынның ішіне кірсең, оның гүлге бөленген тереңіне сүңгігің келеді.
5. «Келеді жазғым тасқа өлең...» Ойтолғау жаз.
Қазақ тілі мен әдебиетінен 11-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары І тур. Эссе 1. «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...» (М.Жұмабаевтың шығармашылығы).
2. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы Ана бейнесі.
3. Мен сүйген мамандық.
ІІ тур. Сұрақтарға жауап беру. 1. «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұны.
2. Астарлау және меңзеу
3. Шешендік сөзге қойылатын талаптар.
4. Сөйлемге (асты сызылған сөзге лексикалық, фонетикалық, морфологиялық) талдау жаса.
Әдейілеп келгеннен соң, кезекке тұрғалы ішке өттік.
5. «Ізгілік туралы ілкі ой....» Ойтолғау жаз.