Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып



бет16/21
Дата13.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#38132
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
1 2-ҚБ Қазақ тілі (Т1) 3-сын

Бөлімше3.6Каллиграфиялықнормалардысақтау

Оқу мақсаты




3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Көркем жазу талаптарын сақтай отырып, өлеңді жатқа жаз.
Өнер - білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды; Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны Мың шақырым жерлерге, Күн жарымда барғызды. Адамды құстай ұшырды; Мал істейтін жұмысты От пен суға түсірді...
Ы. Алтынсарин



Дескриптор



Білім алушы

  • бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;

  • әріптерді көлбеу етіп салады;

  • әріптердің байланысын сақтап, үзбей жазады;

  • өлеңді қатесіз жазады.



Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы


Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты




3.4.2.2 Тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тәуелдік жалғауларын орынды қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді оқы. Асты сызылған сөздерден тәуелдік жалғауын тауып белгіле. Осы сөздерді жекеше және көпше түрде тәуелде.

Алтын адам


Астанада мұражайлардың түр-түрі бар. Балалар мұражайларды аралап, көп қызықтады. Әсіресе, археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.


Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді. Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар, әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр. Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді. Онда сақ жауынгерінің алтынмен әдіптелген киімі қойылған. Оның дулығасы мен кіреуке сауытын көне зергер аңдардың, құстардың, ағаштардың, таулардың суретін бейнелеп жасаған алтын табақшалармен әшекейлеген.
Осы жауынгер киімі Есік қорғанында 2000 жылдан астам уақыт жатса да, күні бүгінге дейін жақсы сақталған.



Дескриптор



Білім алушы

  • тәуелдік жалғауларын анықтайды;

  • сөздерді жекеше түрде тәуелдейді;

  • сөздерді көпше түрде тәуелдейді;

  • тәуелдік жалғауларын орынды қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет