3.4.2.3 Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Сөз таптарын ажыратады
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Тапсырма Мәтінді оқы. Мәтіннен кестенің әр бағанына сәйкес 2 сөз тауып жаз.
Ахмет Байтұрсынов-қазақтың ғалымы, ағартушысы. Ахмет Байтұрсынов Торғай облысында қарапайым шаруа отбасында туған. Ахметтің әкесі Байтұрсын
ширақ, намысшыл, батыл, сергек адам болған. Ол Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы төрт жылдық мектепке оқуға түседі. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.
Затесім Етістік Сынесім Санесім
Дескриптор
Білімалушы
зат есімдерді анықтайды;
етістіктерді анықтайды;
сан есімдерді анықтайды;
сын есімдерді анықтайды.
Бөлімше4.2Грамматикалықнормалардысақтау
Оқу мақсаты
3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
Тапсырма Мәтіннен негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз.
Домбыра үйірмесі
Мектепте әртүрлі үйірмелер бар. Мен домбыра үйірмесіне барып жүрмін. Домбыра тарту – үлкен өнер. Домбыра – екі ішекті аспап. Мен осы аспапты тартуды үйренгім келеді. Домбыраның даусы майда қоңыр, құлаққа жағымды. Бұл қарапайым аспаппен әртүрлі шығармаларды орындауға болады. Үміт апай өте өнерлі адам, сондықтан ол домбыра тартуды жақсы үйретеді. Домбыра тілі барлық халықтарға ортақ. Ол қуанышты да, мұңды да білдіреді. Ол барлық адамға түсінікті. Кейде мен қоңыр дауысымен ән саламын. Менің дарынды домбырашы болғым келеді.
Негізгісынесімдер Туындысынесімдер
Дескриптор
Білімалушы
негізгі сын есімдерді ажыратады;
туынды сын есімдерді анықтайды.
Бөлімше4.2Грамматикалықнормалардысақтау
Оқу мақсаты
3.4.2.5 Болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау
Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамында кездеседі. Көптеген өсімдіктің 80 – 95% судан тұрады. Жануарлар мен адам денесінде де су көп. Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді. Сусыз жер бетіне өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды.
Ал адам өміріндегі судың маңызына баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді.
Тазалық та болмайды. Судың күшінен электр қуаты алынады. Су арқылы үйді жылытады. Өндіріс орындары сусыз жұмыс істей алмайды. Адамдар су жолымен қатынайды, жүк тасиды. Судың тұрмыстық қажеттіліктерден басқа емдік қасиеттері де бар. Су иммунитетті жақсартады, дене температурасын реттейді, зейінді ашады, жұмыс өнімділігін арттырады. Сондықтан да су өмір нәрі, тіршілік көзі болып саналады.
3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/ диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Суретке мұқият қара. Мәтіннің тақырыбын оқы. Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін? Берілген тақырып пен суретті пайдаланып, сұрақтардың көмегімен мәтін құрастыр.
3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Тақырыпқа қатысты өз ойын жүйелі жеткізеді
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Ғалымдар ұялы телефондарға жүргізген зерттеулері бойынша мынандай тоқтамға келген: ұялы телефонды күніне 10 минуттай уақыт пайдалану – адам ағзасын функционалдық өзгерістерге ұшыратады екен. Яғни, небәрі 10 минуттық тілдесуден кейін ағзаңыздың өз қалпына қайта келуі үшін 8 сағат керек. Тәжірибе кезінде 8 жыл бойы күнделікті ұялы телефонды пайдаланған адамды медициналық тексеруден өткізгенде, оның ағзасының едәуір өзгерістерге ұшырағаны анықталған.
Ағзаның қалпына келуі үшін қанша уақыт қажет? Белгіле (🗸) 10 минут 8 жыл
Сұрақтарға сүйеніп, жұпта ой бөліс.
Ұялы телефонның адам өміріндегі алатын орны қандай?
Оның қандай пайдалы және зиянды жақтары бар?
Сен ұялы телефонды қалай қолданасың?
Дескриптор
Білімалушы
мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;
сұрақтардың негізінде тақырыпқа қатысты ойын айтады;