3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақтар құрастырады
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы.
Дос табу оңай ма?
Бір жігіттен:
Дос табу оңай ма? – деп сұрапты қарт кісі.
Ата, дос табу ақымаққа оңай, ақылдыға қиын, - депті жігіт.
Жоқ, балам, ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанмен жақсылары жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең досты іздемей-ақ табады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, - депті қарт сонда.
Сұрақтарға жауап бер.
Жігіт қарттың сұрағына қалай жауап берді?
Қарт жігіттің сөзімен келісті ме?
Жұптықжұмыс
Мәтін бойынша жұбыңның пікірін білуге бағытталған 1 сұрақ қой.
Жұбыңның саған қойған сұрағына жауап бер.
Дескриптор
Білімалушы
мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ қояды;
сұрақтың құрылымын сақтайды;
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
Бөлімше2.4Мәтінніңтақырыбыменнегізгіойдыанықтау
Оқу мақсаты
3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
Мәтінге тақырып қояды
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Баяғыда бір бай мен кедей көрші тұрыпты. Бай өте жақсы өмір сүріпті. Ал кедей егін егіп, өз еңбегінің нанын жеп күнелтеді екен.
Бір жылы көктемде қатты су тасқыны болады. Бай бар алтынын көтеріп, биік ағаштың басына шығып кетіпті. Кедей де нанын алып, ағаштың басына шығады. Су тасқыны бірнеше күнге созылады. Қарны ашқан бай кедейге:
Мына бір кесек алтынды алып, маған бір үзім нан берші, -дейді.
Алтының өзіңе, нан бере алмаймын,- дейді кедей. Екінші күні бай тағы да:
Алтынымның жартысын берейін, бір үзім нан берші, –деп жалынады. Кедей бере алмайтынын айтады. Ақыры, аштан өліп бара жатқан бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Байға жаны ашыған кедей өз нанымен бөліседі. Келесі күні су тоқтап, олар ағаш басынан түседі. Содан бері бай мен кедей араласып, жақсы көрші болған екен. Халықтың «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дегені осыдан қалған болар.