* * * * * Ескермейешбір нәрсе жүруші едім,
Бар ма екен қасірет-қапа шығар күні.
* * * * * Жиылған ағайынға отырғаның,
Біреудің бақ-даулетін қызық көріп.
* * * * * Жел соқса, құйын құйса, жылжи беру, Мынау қырда қазақ тұр
Болғандай табан тірер ешнәрсе жоқ. Бастарында азап тұр.
* * * * * Бәрі баймен бағалас, сөзі бір боп,
Би, болыс, бара алмаймыз ауылнайға.
* * * * * Кейбіреулер жазады «қу өмір» деп,
Тұрағы жоқ, алдамшы, «су өмір» деп.
376-тапсырма. Мақал-мәтелдерден өздік есімдіктерін табыңыздар. Олардың мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
1. Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре.
2. Өз үйім – өлең төсегім.
3. Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің.
4. Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
5. Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.
377-тапсырма. Сөйлемдерден жалпылау есімдіктерін табыңыздар. 1. Мәжіліске қатысқандардың барлығы да жоғары білікті мамандар болды. 2. Студенттер түгел келсе, мына жұмысты тез бітірер едік. 3. Бар ойы – өлең айтып, ән салайық. 4. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би. (Мақал). 5. Біріңді, қазақ, бірің дос. Көрмесең, істің бәрі бос ... (Абай). 6. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайды. (әл-Фараби). 7. Біз барлық күш-жігерімізді тек қана білім алуға жұмсауымыз керек. 8. Жиналған барша жұрт алдында өзінің жасаған кемшілігін мойындап, бәрінен кешірім сұрады.
11-апта. 32-тәжірибелік сабақ Грамматика: Тұйық етістіктер. Салт және сабақты етістіктер. 378-тапсырма. ҚазҰТУ-дың даму тарихынан мәліметтер алып, түсініп, мазмұндаңыздар. Тарихи деректерді есте сақтаңыздар.