«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет173/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   204
14-апта. 40-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Салалас құрмалас сөйлемдер. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер.
496-тапсырма. Бүгінгі таңдағы экологиялық проблемаларды өз ойларыңызбен толықтырып, мәтінді мазмұндаңыздар.


Қазақстанның экологиялық мәселелері
* * * * *
Қазақстандағы экологиялық аймақтар. Әлемдік экологиялық проблемалар

Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарды көрсетуге болады:


Бірінші аймаққа – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы. Аталған аймаққа – Қазақстанның негізгі мұнай өндіретін Атырау және Маңғыстау облыстары жатады.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырады. Топырақтың құнарсыздануы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдеу процестерінің жүруіне, биокоп түрліліктің жойылуына әкеледі.
Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда жоғары. Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстарымен ластануына әкеледі.
Екінші аймаққа еліміздің солтүстік-шығыс облыстары – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Бұл аймақтарда ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Аталған аймақтардағы экологиялық мәселелер – қоршаған ортадағы өндірістік қалдықтардың жиналуы, нақты территориялардағы ауаның ластануы, ормандардың бүлінуі, территориялардың ерекше қорғауға алынуларының жеткіліксіздігі.
Аймақ – тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады.
Территорияның басым бөлігін ормандар алып жатыр. Қазақстанның орман ресурстарының көп бөлігі Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарына келеді.
Ертіс-Нұра – Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурстары – негізгі су көзі.
Республиканың астанасы – Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан. Тек бір ғана Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәсіп қалдықтары сақталған. Олар 32 мың га жерді алып жатыр. Ертіс өзенінің ластануына Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы керосиннің төгілуі қауіп төндіруде.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор, яғни жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауру деңгейі өте жоғары.
Үшінші аймаққа – оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер – су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың құнарсыздануы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. Бұл аймаққа – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы. Жерді суару үшін Арал және Алакөл, Балқаш өзен, бассейндерінің суын пайдаланады.


Сөздік:
шайынды – ополоски; помои
жайылым – пастбище; луг; простор; выгон; пастбищный
жайылым жерлер – пастбищные угодья
ластану – загрязнение; загрязниться; замараться; запачкаться; засориться




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет