4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика: қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу; Дыбыс үндестігі; сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу; екпін, оның түрлері; екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану; Интонация.Кідіріс.Логикалық екпін; сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану; Жалқы есім емлесі; тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу; Сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс; сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
Лексика: Сөз және оның мағынасы; тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау; ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру; тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздеркөркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану; омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану; Неологизм сөздер. Термин сөздер. Диалект сөздер. Кәсіби сөздер; неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу; Көнерген сөздер. Эвфемизм. Дисфемизм.Табу; көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу; Қанатты сөздер.Фразеологизм. Мақал-мәтелдер; фразеологизм,
Лексикография: Орфографиялық норма.Орфографиялық сөздік; тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу; Шылаудың емлесі. Орфографиялық норма; жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу;
Стилистика: Мәтіндегі сөз таңдау, сөз қолдану (қисыны), сөз әрлеу; мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; Қазақ әдеби стилінің түрлері; стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана білу;