Ыңғайлас салалас. Себеп-салдар салалас. Қарсылықты салалас; салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру; Түсіндірмелі салалас.Талғаулы салалас.Кезектес салалас; салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану; Шартты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Мезгіл бағыныңқы сабақтас; сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану; Себеп бағыныңқы сабақтас.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Мақсат бағыныңқы сабақтас; Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары; аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану;
Пунктуация: тыныс белгілерінің түрлері мен қызметі; қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану; Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілер.Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілер; Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері; құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану;көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;
5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B) – 60 %; жоғары деңгейде (C) – 14 %.
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, тестіленушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.