Байланысты: 10 сынып ТЖБ ІІ тоқсан казак тили гуман
4.Мәтіндегі көтерілген мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз. Авторына сілтеме жасай отырып, мәтіннен дәйексөз қолданыңыз. Бұрынғы қазақ ғажап-керемет еді, қазіргі жастар азып барады дегенге сенбеймін. Тіпті, керісінше артық! Себебі бүгінгі жастарда ақпарат мүмкіндіктері бар, олар әлемдегі үдерістерден хабардар. Енді сол мүмкіндіктерін мақсатқа жету жолында қолдануы керек, ең бастысы, азаматтық құндылықтары жоғалмасын. Бұл туралы журналист Дархан Әбдік былай дейді:
«Бұл мәселеге қазақ жастары дегенді қойып, қазақстандық жастар тұрғысынан қарау қажет. Бізге ұнасын-ұнамасын өркениет дамыған сайын, жаһандану барысында ұлттық құндылықтар мен нышан-келбет азайып, ортақ адамзаттық құндылықтар қалыптасады. Кез келген ұлт өркениет процесіне кіріккен кезде жалпы адамзаттық құндылықтарды қабылдайды». https://informburo.kz/pikir/kultegin-aspanuly/osy-zamany-zhastar-tsngndeg-ndylytardy-transformaciyalanuy.html
Жазылым Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданып, жаһандану кезіндегі қазақ жастары туралы 100-110 сөзден тұратын мәтін құрастырыңыз. Онда ресми қаратпа сөздерді қолданыңыз.
Кез-келген мемлекеттің қозғаушы күші, қоғамның басты құндылығы – жастар. Жастар жаңалыққа, өзгерістер мен жедел іс-қимылға бейім. Еуразия кеңістігіндегі елдердің тарихына үңілсек, жастар және олардың қозғалыстары мемлекеттің дамуына үлкен түрткі болған. Қоғамды дүр сілкіндірген түрлі оқиғалардың бел ортасында белсенді жастар жүрді. Қазіргі уақытта да мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өміріне жастар белсенді араласып, елеулі орын алып келеді. Дегенмен, жастар арасындағы қылмыс, нашақорлық, жат ағымның жетегінде кету, сыртқы миграция, ажырасу сияқты проблемалар да жоқ емес. Сондықтан жаһандану жағдайында жастарға мемлекет тарапынан көңіл бөліп, рухани-патриоттық тәрбие беру – өзектілігі жоғалмайтын міндет.
Жаһандану біздің өміріміздің барлық салаларына, атап айтқанда экономикалық, саяси, мәдени салаларға, қоғамға, отбасына, қауіпсіздікке, әлеуметтік өмірге тікелей әсер етеді. Жаһандану жастарға, оның қазіргі өмірге бейімделуіне және сайып келгенде оның әлеуметтенуіне әсер етеді. Ал жастар белсенді, көзқарасы тың, энергиясы мол болғандықтан тәжірибесі аз болса да, жұмысы өнімді болып, кез-келген процеске шынайы қызығушылықпен қатысады. Көптеген жастардың шет тілдерін үйренуі коммуникациялық кедергілерді бұзады және кез-келген мемлекеттің жастарымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы сұхбатында Қ. К. Тоқаев жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу ісін басты назарда ұстау қажеттігін айтты. Ол сөзінде: «Жастар Абай айтқан бес асыл іске берік – талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рақымшыл болса – онда біздің еліміздің болашағы жарқын, жұлдызы жоғары болмақ!» дейді. Абай жаңашылдығының терең мағынасы мен ашық айтқан өткірлігі – түрлі өмірлік жағдайларда қажет болатын кеңестер. Оларды түсінуге тырысу, жастардың адамгершілік құндылықтарды қабылдауы мен Отан алдындағы парызын түсінуі – қазіргі уақытта өте қажет маңызды құбылыс. Сондықтан, жастар, ел болашағын жасау, сендердің қолдарыңда!