Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын жазба жұмысын орындаңыз. Ол үшін оқылым мәтініндегі экологиялық мәселелерге қатысты ақпараттарды анықтап, астын сызыңыз және анықтаған ақпараттарды қолданыңыз.
[10]
«Мұнай өнімдерінің табиғатқа әсері» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.
«Табиғат тазалығы – ұлт денсаулығының кепілі» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыз. « Табиғат тазалығы - ұлт тазалығы»
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді.
Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. Табиғат - бізге ата-бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет.
Оқылым
№
|
Жауап
|
Балл
|
1
|
экология
|
1
|
2
|
Мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды, дәлелдейді;
|
1
|
3
|
Мәтіннің мақсатты аудиториясын көрсетеді, дәлелдейді;
|
1
|
4
|
Мәтіннің жанрлық ерекшелеліктерін көрсетеді, тілдік ерекшеліктерін салыстырады;
Мысал келтіреді;
Мәтіндегі қолданысан талдау жасайды.
|
2
|
Барлығы
|
5
|
Жазылым
№
|
Балл
|
Сипаттамасы
|
1
|
9-10
|
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
|
2
|
7-8
|
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
|
5-6
|
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
|
3-4
|
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама-қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
|
1-2
|
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |