Абай философия тарихында әділетті қоғам орнату идеясын көтерген тұлғалардың
бірі саналады. Демек, Абай шығармалары елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін
нығайтатын, мемлекетті сыйлаудың, билік жүргізетіндерге
қойылатын талап-
шарттардың мән-маңызын түсіндіретін темірқазық болуы тиіс. «Бас басына би
болған өңшең қиқым, мінеки кетірді ғой елдің сиқын» деп ашына айтқан кемеңгер
тұлға, мемлекетті билеу формасының озық үлгісі ретінде меритократиялық
құрылымға ерекше мән береді.
Достарыңызбен бөлісу: