ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары кеңестік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады. Міне, озбырлық кезең – зобалаң заман шындығы. Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өз үдесінен шыққан. Жазушы Баққожа Мұқай бұл романы үшін 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді.Роза Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" пьесасы 18 жыл бойы қазақ театрының сахнасында үздіксіз қойылып,көрермендердің ыстық ықыласына бөленген. Шығармада ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады.«Мәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас
әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі.Шығарма авторы Роза Мұқанованың айтуы бойынша, Ләйлә бейнесі өмірден алынған. Ол - Семей полигонының құрбаны болған жан. Бір күні Семей өлкесінде туылып, мүгедек болған жандардың суреттері қойылған фотокөрмені аралап жүреді. Қасірет пен мұңға толы аналар мен балалар бейнесінің