«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет1/24
Дата04.11.2023
өлшемі209,74 Kb.
#122235
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағ-emirsaba.org


«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)


тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2020-2021 оқу жылы

Нұр-Сұлтан, 2020


Мазмұны

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3


2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
6. Модерация және балл қою 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 19
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 29
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 41
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады; 50
аудиторияны ескереді; 50
бағдарлама мазмұнымен таныстырады; 50
графиктік мәтіндердегі мәліметтерді қолданады; 50
ақпараттарға талдау жасайды. 50

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып, шешу жолдарын ұсынады, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық нормаларды сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет