«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет19/24
Дата04.11.2023
өлшемі209,74 Kb.
#122235
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағ-emirsaba.org

Оқылым
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
Жыл сайын әлемдегі әрбір қала тұрғыны 250-300 келі қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) «өндіреді» екен. Жаһандану үрдісі белең алғалы бері бүгінгі шақта одан ауыл тұрғындары да кенде қалып жатқан жоқ. Енді осы цифрды жұмыр жерді мекендейтін 7 миллиард адамға көбейтіп көріңіз. Оған өндірістік, техногендік қоқысты қосып байқаңызшы. Жер бетінде жиналған ҚТҚ мен қоқыс көлемін ойлаудың өзі қорқынышты. Қайран жер қалай шыдас беріп тұр десеңізші!

Сарапшылар дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді. Осы зиянды қоқыс шығару бойынша өңірлерге орын беретін болсақ:


Қарағандының тау-кен және кен байыту кешендері (29,4 пайыз) бірінші орынды, Шығыс Қазақстан облысы (25,7 пайыз) екінші орынды иеленгелі тұр, ал тиісінше 17,0 пайыз және 14,0 пайыз қоқыс «өндіретін» Қостанай мен Павлодар облыстары үшінші орынды бөліскелі тұр.
ҚТҚ мен қоқыс «өндіруден» Қазақстан дүние жүзіндегі ең дамыған елдерден қалыс қалып тұрған жоқ. Қазір қазақ даласында 22 миллиард тонна қалдықтар мен қоқыс жиналыпты. Оның 16 миллиард тоннасы техногендік-минералдық қалдықтар болса, 6 миллиард тоннасы адам ағзасына аса қауіпті химиялық қалдықтар екен.
Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады. Қазақстандағы ҚТҚ мен күл-қоқыстың 97 пайызы далаға төгіледі. Тек 3 пайызы ғана өртеледі. Ал Германияда ҚТҚ мен күл-қоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 30 пайызы, АҚШ-та 27 пайызы, Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделеді. (247 сөз)

  1. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.


Мәтіннің негізгі идеясы




Автор позициясы




Мәтіндегі автор позициясын дәлелдеу мақсатында қолданылған негізгі және детальді ақпараттар




Мәселеге менің көзқарасым




Түйінді ой




2. Жергілікті газетке мәтіндегі мәліметтерді өңдеп, өз пікіріңізбен толықтырып, Жер-Ананың атынан монолог жазыңыз (9-12 сөйлем).


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жазылым
Екі бөлім бойынша берілген 3 тақырыптың бірін таңдап, аргументативті эссе жазыңыз.
[10]





  1. Көпмәдениеттілік, көпдінділік, көпұлттылық жағдайында ел бірлігін, ел қауіпсіздігін қалай нығайтуға болады?







  1. Келер ұрпаққа ұлттық тарихи жәдігерлерімізді қалай насихаттаймыз?







  1. Адамдар қоршаған ортаның ластануын, оның адам денсаулығына тиізетін әсерін әлі толық сезінбей жүр. Осы пікір туралы ойыңыз қандай?




Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым


Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Балл

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

5

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

5

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын жетік жеткізе алады.

4

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

4

Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет етеді.

3

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды.

3

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала дайындап келгендей көрінеді.

2

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады.

2

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді. Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

1

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға аз қатысады.

Оқылым


Дескриптор


Балл

1

мәтіннің идеясын көрсетеді;


1

автор позияциясын анықтайды;

1

автор позициясын дәлелдейтін негізгі және детальді ақпараттарды іріктейді;

2

мәселеге өз көзқарасын білдіреді;

1

қорытынды ойын жазады;

1

2

рөлге сай жазады;


1

мәтіндегі мәліметтер мен пікірлерді өңдейді;

1

өз көзқарасын білдіреді;

1

монолог талаптарына сай жазады.

1

Барлығы

10


Жазылым

Балл

Сипаттама

9-10

  • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.

  • Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.


  • Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.


  • Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді.


  • Сауаттылықтың деңгейі жоғары.


7-8

  • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.

  • Құрылымы сәйкес және сақталған.


  • Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық.


  • Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.


  • Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.


5-6

  • Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.

  • Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.


  • Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде.


  • Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.


  • Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.


3-4

  • Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады.

  • Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді.


  • Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде.


  • Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады.


  • Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.


1-2

  • Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады.

  • Құрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады.


  • Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес.


  • Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.


0

  • Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес.

  • Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет