Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 250-300 сөзден аспайтын бір тақырыпқа жазылған мәтіндер беріледі (Тоқсанда өткен әр тақырып бойынша екі мәтін ұсынылу керек (барлығы – 4 мәтін).
Оқушылар мәтінді тыңдап болғаннан соң, бірі екінші оқушыға өз мәтінінің тақырыбын, идеясын, онда көтерілген мәселені, астарлы ойды баяндайды және мәтіндегі тілдік оралымдар арқылы оқырманға ықпалын талдайды (екі минуттан артық емес), бұл уақытта 2-оқушы тыңдайды. 2-оқушы 1-оқушыға мәтінінің тақырыбына, идеясына, онда көтерілген мәселеге, астарлы ойға, мәтіннің оқырманға ықпалына қатысты бір сұрақ қояды. Бағалауда оқушылардың коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеуі ескеріледі. Талқылау кезінде оқушылар өзара, сонымен бірге мұғаліммен де бірге байланыста болуы қажет.
Оқушыларға ұсынылған мәтіндер дәріс, интервью, пікірталас, эпикалық,
лирикалық, драмалық шығармалардың бірі болғаны абзал.
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі).
10
1-3
11.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу
11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау
Қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдайды, негізгі үрдістерді анықтайды.
Бірінші тапсырмада оқушылар екі мәтіндегі мәліметтерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
Екінші тапсырма бойынша мәтіндегі негізгі үрдістерді анықтап, талдау жасайды.
Үшінші тапсырмада жоғары оқу орнын бітіріп жатқан жастарды «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен таныстырады. Мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдай отырып, сөйлейтін сөзінің мәтінін жазады
15
10
1
11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Оқушылар ұсынылған үш тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды.
Жазылым жұмысында қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады (аргументативті эссе).
Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы, абзац пен бөліктерге бөлуі, мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білуі бағаланады.