«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет18/25
Дата19.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#44237
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Тыңдалым мен айтылым

  • Тапсырма

  • 1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені және автор көзқарасын талдап, өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  • 2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

  • [10]


  • 1-мәтін

  • Әрбір мемлекет пайда болғалы бері мынадай 3 факторға баса назар аударып келеді. Олар: мемлекеттік саясат, экономикалық бағыт және экологиялық жағдай. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Экономика мен саясаттың өзгеріп тұруы – заңды құбылыс, ал экологиялық апатты тоқтату немесе бағытын өзгерту – өте күрделі құбылыс. Осындай ластануға адам ағзасы үйренгелі бері бұл өзгерістерді тіптен сезбейтін болған. Адам денесіне енген улы заттар ағзаға кері әсерін тигізіп, денсаулығын бұзады. Ағзаның күрделі патологиялық өзгерістеріне алып келеді. Осындай жағдайлар пайда болғалы бері ғалымдар көптеген тәжірибелер жасаған. Мысалы, екі бақаны алып, бірінші бақаны ыстық су құйылған стаканға салады. Сонда әлгі ыстық суға салынған бақа бар пәрменімен стаканнан секіріп шығып, аман қалады. Ал екінші бақаны суық су құйылған стаканға салып, стаканды біртіндеп қыздырады. Температураның біртіндеп көтерілуіне бойы үйренген бақа, ең соңында ыстық суға пісіп өледі. Осы тәжірибеден нені аңғаруға болады? Қазіргі кезде адамзаттың тағдыры екінші бақаның тағдырына ұқсап келеді. Қоршаған орта, айналамыз біртіндеп ластанғалы бері оған бойымыз үйреніп, қоршаған ортадағы қатты қалдықтарға, ластанған суларға, ауаға мән бермейміз. Ал осы ластанулар біздің өмірімізге қаншалық қауіп әкелетіні айтпаса да түсінікті.

  • Ауа зат алмасуды арттырады, қан айналымын жақсартады, ағзаның қорғаныс күшін нығайтады, ауруларға қарсылықты күшейтеді. Алайда техника қарыштап дамығалы бері таза ауаға қауіп төніп тұр. Тек адам денсаулығына емес, барлық тіршілікке қауіпті. Қоршаған орта улы қалдықпен, химиялық заттармен ластанғалы бері көптеген ауруларды туғызып, адам өлімін көбейтіп, тіпті климат өзгеріп ауа райына да тікелей әсер етуде. Түрлі шаң, тозаң ауаға көтеріліп, біз дем алатын ауаны ластайды. Әсіресе, зауыт, фабрикалары бар қалалардағы ауада зиянды заттар көп болатыны мәлім. Түрлі көліктерден бөлініп шығатын шаң, тозаңдар, қоқыстар да ауаға тарайды. Адамдар да ойсыздықтың салдарынан ауаға зиян келтіріп отыр. Деректерге сүйенсек, елімізде 3,5 миллион тонна ауаны ластайтын қалдық бөлінеді екен. Ірі қалалардағы ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті. Сырттан қарағанда олардың үстін түтінді тұман басып жатқанын көреміз. (288 сөз)


  • 2-мәтін

  • Қай қаланың шынайы келбетін көргіңіз келсе, ең бірінші, қала маңындағы күл-қоқысқа мән бергеніңіз жөн. Бүгінгі басты қатер – жаһандық мәселенің біріне айналған күл-қоқыс машақаты. Өнеркәсіп дамыған әр кезеңде әрі адамзат кемел өмірге талпынған сайын экологиялық ахуал төмендей бермек. Әлемдік статистикаға сүйенсек, зауыт қалдықтарымен бүлінген, қоқыс қалдықтарына толған әлемдегі ең лас өзеннің бірі – Цитарум. Индонезияның Джакарта қаласында орналасқан бұл өзенге 9 миллион тұрғынның қоқысы тасталады. Экологиялық ахуалы төмен бұл өзенді халық ауызсу орнына пайдалануға мәжбүр екен. Өз дертіне, табиғат дертіне жол беріп отырған адамдардың әрекетіне не дерсің? Мәселен, Швеция қоқыс қалдықтарын электр қуаты ретінде пайдаланса, Сингапур оның тоқсан пайызын өндіреді, Германия, Жапония, АҚШ сынды алып мемлекеттер миллиондаған пайда табуда. Ал біздегі жағдай қалай?

  • Алысқа бармай-ақ қаладағы жағдайдың қазіргі мүшкілі адам көргісіз. Әр жерде жатқан полиэтиленді пакеттер, қалбырлар мен бөтелке шөлмектері, атап айтқанда тұрмыстық заттардың түр-түрін кездестіре аласыз. Қала тұрғындарының ұқыпсыздығы мен немқұрайлығы қаланың ластануына зиянын тигізіп жатыр. Біреулер көшедегі қоқысты жинаса, ал енді біреулері сол жәшікке жетер-жетпестен қолындағысын лақтырып кетеді. Адам өміріне, денсаулығына аса қауіпті жайттарды біле тұра білместік таныту – түбі жақсылыққа әкелмесі анық. Жоқтан бар жасауға әлдеқашан кіріскен мемлекеттерден үлгі алатын кез жетті. Еліміздің әр өңірінде бір-бір қоқыс өндіретін зауыт салынса, табиғаттың тынысы ашылып қана қоймай, жұмыссыз жүрген адамдардың екі қолына бір күрек табылар еді.

  • Тазалығы табалдырығынан басталған қаланың көрікті келбеті халықтың мәдениетімен тығыз байланысты. Ал мәдениет бар жерде қалаға деген жаңашырлық, сүйіспеншілік те бар. Адамдар тазалыққа ортақ жауапкершілікпен қараса нұр үстіне нұр болар еді! Қай уақытта да ғұмыр кешіп жүрген ортамызды таза ұстау, Жер-Анаға қиянат жасамау адамзаттың қолында. Ендеше, қаламызды күл-қоқыстан таза ұстайық, ағайын! (254 сөз)




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет