«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет15/25
Дата19.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#44237
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



  • Жиынтық бағалауға шолу

  • Ұзақтығы: 40 минут

  • Оқылым – 15 минут

  • Жазылым – 25 минут

  • Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

  • Балл саны: 30


  • Тапсырмалар түрлері

  • Көп таңдауы бар сұрақтар

  • Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

  • Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


  • Жиынтық бағалаудың құрылымы

  • Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.



  • Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


    1. *Тапсырма

    1. Қамтылатын мақсаттар

    1. Тапсырмалар түрлері

    1. *Тапсырмалар сипаттамасы

    1. *Орындау уақыты, мин

    1. Балл

    1. 1-2




    1. 11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

    2. 11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

    1. Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

    1. Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 250-300 сөзден аспайтын бір тақырыпқа жазылған мәтіндер беріледі (Тоқсанда өткен әр тақырып бойынша екі мәтін ұсынылу керек (барлығы – 4 мәтін). Оқушылар мәтінді тыңдап болғаннан соң, бірі екінші оқушыға өз мәтінінде көтерілген мәселені, автор көзқарасын талдап және оған пікірін білдіреді (екі минуттан артық емес), бұл уақытта 2-оқушы тыңдайды. 2-оқушы 1-оқушыға көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын қояды. Бағалауда коммуникативтік жағдаятқа сай сұрақ қоя білу, кері байланыс бере алу дағдысы ескеріледі. Талқылау кезінде оқушылар өзара, сонымен бірге мұғаліммен де бірге байланыста болуы қажет.

    1. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі).


    1. 10

    1. 1-2




    1. 11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру;


    2. 11.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу


    1. Қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар

    1. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 300 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада оқушылар мәтінді оқып, тақырыбын анықтайды, негізгі идеясын табады, автор позициясын анықтап, оған мәтіннен дәлелдер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіріп, мәтіннің түйінін жазады. Екінші тапсырмада мәтіннің иедялық ойын негізе ала отырып, қажетті ақпараттарды өңдеп, Жер-Ананың атынан монолог жазады.


    1. 15

    1. 10

    1. 1

    1. 11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);

    2. 11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)


    1. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

    1. Оқушылар ұсынылған үш тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды.

    2. Жазылым жұмысында қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады (аргументативті эссе). Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы, мәтін нормаларын сақтап жазуы (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып) бағаланады.

    1. 25

    1. 10



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет