«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет25/25
Дата19.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#44237
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Балл қою кестесі


  • Тыңдалым және айтылым

    1. Балл

    1. Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

    1. Балл

    1. Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

    1. 5

    1. Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

    1. 5

    1. Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын жетік жеткізе алады.

    1. 4

    1. Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

    1. 4

    1. Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет етеді.

    1. 3

    1. Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды.

    1. 3

    1. Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала дайындап келгендей көрінеді.

    1. 2

    1. Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады.

    1. 2

    1. Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

    1. 1

    1. Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді. Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

    1. 1

    1. Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға аз қатысады.


  • Оқылым



    1. Дескриптор

    1. Балл

    1. 1

    1. мәтіндердегі деректерді салыстырады;

    1. 1

    1. ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;

    1. 1

    1. 2

    1. мәтіннен нақты фактілерді іріктейді;

    1. 1

    1. фактілердің негізінде мәтіннің идеясын көрсетеді;

    1. 1

    1. туындаған сұрақтарды жазады;

    1. 1

    1. мәселені шешу жолдарына жоспар құрады;

    1. 1

    1. 3

    1. аудиторияны ескереді;

    1. 1

    1. бағдарлама мазмұнымен таныстырады;

    1. 1

    1. графиктік мәтіндердегі мәліметтерді қолданады;

    1. 1

    1. ақпараттарға талдау жасайды.

    1. 1

    1. Барлығы

    1. 10



  • Жазылым


    1. Балл

    1. Сипаттама

    1. 9-10

    • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.

    • Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.

    • Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.

    • Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді.

    • Сауаттылықтың деңгейі жоғары.

    1. 7-8

    • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.

    • Құрылымы сәйкес және сақталған.

    • Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық.

    • Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.

    • Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.

    1. 5-6

    • Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.

    • Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.

    • Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде.

    • Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.

    • Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.

    1. 3-4

    • Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады.

    • Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді.

    • Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде.

    • Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады.

    • Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.

    1. 1-2

    • Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады.

    • Құрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады.

    • Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес.

    • Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

    1. 0

    • Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес.

    • Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет