«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу



бет16/18
Дата18.05.2023
өлшемі103,56 Kb.
#94416
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 45 минут
Оқылым – 20 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым

– айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.



«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация», «Сөз мәдениеті және шешендік өнер» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма


  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.



  1. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

А мәтіні
Қазақ тілі қалың ел, ордалы жұрттың тілі ретінде сақталу керек, сақтала тұрып ұлттың ұлттығын да сақтауы тиісті деп бағаланды. А. Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта, адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл» деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, тіл екендігін аңғартты. Осындай пікірлерді Алаш зиялыларының көпшілігі білдірді. Айталық, Ғұмар Қараштың: «Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуы тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз», Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын», Халел Досмұхамедұлының: «Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше жақсы сөйлесең, бұл –сүйініш; ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең, бұл күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек» Мағжан Жұмабаевтың : «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы» дегендері біздің заманымызға үндес, өзекті пікірлер. Ұлттық руханияттың өзегі ана тіл екендігін рухани-мәдени тарихымызда алғаш білдіргендер алаштықтар болды. Олар ана тілін ұлт болмысының басты бөлшегі ретінде қарастырып, әсіресе, жас ұрпақ тәрбиесінде оның алатын орнына да ерекше назар аударды. Алаш қайраткерлерінің тіл турасындағы осы көкейкесті ойлары, рухани күресі азаттық алған бүгінгі қазаққа да жолбасшылық етуде. Алаш зиялыларының қазақ тіліне жасаған зор, тіпті ұлы еңбектері қай жағынан алсаңыз да тарихи миссия.
Ә мәтіні
Əлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешу жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз дәрігерлер, феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде. Бұл ретте әлемдік және аймақтық басым державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен қауымдастығының жаһандық мәселелері мен қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге жағдай туғызатыны анық.

Əлемдік саясат халықаралық экономикалық, саяси, мәдени-ақпараттық, технологиялық байланыстардың жаңа деңгейге шығуы нәтижесінен туды. Жаһандық мәселелер ұлттық мемлекеттік шекара көлемінде мүлдем шешілмейді. Көптеген күрделі мәселелер барлық мемлекеттерге ортақ жаһандық жүйеге айналып, жалпы әлемдік сипат алған. Əлемдік саясат әлемдік тәртіпте бейбітшілікті, тұрақтылықты, демократияны сақтауға, саясатқа қатысушы субъектілерді біріктіретін халықаралық орта жасауға бағытталған. Мүдделердің ортақтастығы, адамзатты сақтауға деген зәрулік көптеген мемлекетердің жалпыадамзаттық мүдделердің басымдылығын мойындауына әкеліп отыр.

Əлемдік саясат өркениетті адамзат пен дамыған мемлекеттер ықпалымен біртіндеп ізгіленіп, гуманизацияланып келеді. Ол адамдарды ұлттық, нәсілдік, мемлекеттік, әлеуметтік-таптық тегіне қарамастан жаһандық мәселелерді бірігіп шешуге бастап келеді. Адамдардың бостандығы мен теңдігіне негізделген әлемдік саясаттың қазіргі мақсаттары: халықаралық қауіпсіздік жүйесін жасау, , зорлыққа жол бермеу, халықтар арасындағы сенім мен бейбітшілікке бастайтын қатынастарды қалыптастыру және реттеу, жаппай қырып жоятын және ядролық қарулардың таралуына жол бермеу, әлемдегі қорқыныш пен үрейді, өзара жауласуды тоқтату сияқты жеке адамдар мен халықтардың бейбіт және тыныш өмір сүруін қамтамасыз ету.
А мәтіні
Тіл үйрену бала санасында ұлттық бірегейліктің қалыптасуымен өріле байланыса жүреді. Мысалы, Ж.Пиаже деген психолингвист ғалым: «Баланың санасында 9-12 жас аралығында өзінің ұлттық бірегейлігі қалыптасады» дейді. Ұлттық бірегейлік психологиялық құбылыс ретінде танылған: тұлғаның өзін бір нәрсенің өкілі, мүшесі санау, жақтаушысы ретінде тануы. Мысалы, бала дүниеге келген соң, өзінің кім екені туралы ойлана бастайды. Сөйтіп, 9-12 жасында өзінің қай ұлттың, мәдениеттің өкілі екенін түсінеді екен. Оның соны түсінуіне әсер ететін нәрсе — ең алдымен тілі, ортасы, қоғамы. Мысалы, үйде атасы-әжесі, ата-анасы орыс тілінде сөйлесе, бала өзін орыс ұлтының өкілімін деуі әбден мүмкін.

Ұлттық бірегейлік деген нәрсе ғалымдардың зерттеуінше үш негізден тұрады:



  1. Генетикалық бірегейлік;

  2. Мәдени бірегейлік;

  3. Тілдік бірегейлік.

Мәселен, тұлға өзін қазақ ұлтының өкілімін деп тануы үшін генетикалық жағынан әке-

шешесі қазақ болуы керек. Мәдениет жағынан «Ассалаумағалейкум!» деп қол беріп амандасуы керек, отырысы, жүріс-тұрысы, өзгелермен қарым-қатынасы қазақ мәдениетінде ұстанымдарға сәйкес болу керек. Тілдік бірегейлікке келгенде, қай тілде сөйлесе, сол ұлттың өкілі болады. Осы үшеуінің қайсысы маңызды компонент дегенде ғалымдар мынадай фактілерді келтіреді. Мысалы, шығу тегі, мәдениеті сол ұлтқа тән, бірақ тілі басқа болса, онда мұндай адам өз ұлтымен бірегейлене ме? Кейбіреулер «менің әкем қазақ, шешем қазақ, қазы-қарта жеймін» дейді, бірақ үйде орысша сөйлеседі. Сонда ол адам қазақ ұлтымен бірегейлене ала ма? Толыққанды бірегейлене алмас, бәлкім жартылай бірегейленер. Сөйтіп, ғалымдар мынадай қорытындыға келген: ұлттық бірегейліктің компонентінің ішіндегі ең әмбебабы, ең маңыздысы, тірегі — тілдік бірегейлік. Қай тілде сөйлесең, қай тілде ойласаң, сол тілді жасаған ұлттың өкілі болып саналасың. Бала өз ұлтымен бірегейлену үшін 9-12 жасқа дейін ана тілінде сөйлеу керек.


Ә мәтіні
Қазіргі әлемде әрдайым жаһандану үрдісі жүріп жатады. Жаһандану елдердің экономикасының, саясатының және мәденитінің бірігуі арқылы жүзеге асады. Ол әлемдік жүйеге үлкен әсерін тігізеді. Бұл әсері жағымды да, жағымсыз да бола алады. Осы блогтың мақсаты бұл екі әсерлерді салыстырып, жаһанданудың жақсы немесе жаман екінін көрсету. Жаһанданудың ең көп пайда әкелетін саласы ол экономика және индустриялық даму. Оған бірнеше себептер бар. Біріншіден, жаһандану халықаралық бәсекелестікті қоздырады. Осының арқасында халықаралық жұмыс бөлінісі тиімділігін арттырады. Мысалы, қазіргі уақытта Қытай жаппай сатылатын тауарлары өндіріп сатады да, осы ақшасына Жапониядан жоғары технологиялары сатып алады. Екіншіден, тауар өндіру масштабының ұлғаюы бағанын төмендеуіне әкеліп соғады. Оның басты себебі - өнімнің өзіндік құны азаюы. Сол үшін халықтың әр түрлі тауарлар мен қызметтерге қолы жетеді. Үшіншіден, түрлі дамушы елдерде қосымша жұмыс орындары ашылып халықтың жұмыссызық деңгейі төмендеп жатыр. Мысалы, бүгінгі күні АҚШтың өнеркәсіптік компаниялары өздерінің өндірісі Африкада, немесе Оңтүстік-Шығыс Азияда жүргізіп, сол жерлерде көптеген зауыттары қояды. Алайда, жаһанданудың жағымды жақтарына қоса жағымсыз жақтары да бар. Біріншіден, жаппай жаһанданданудың кесірінен бай және кедей мемлекеттердің арасындағы теңсіздік үлкейіп жатыр. Оның себебі өндірістен келген кірістін көп бөлігі бай мемлекеттердің қазанасына барып, өндірістің өзі кедей мемлекеттерде орын алса да, олар кірістен келген қаржының аз ғана бөлігіне ие болады. Екіншіден, дамыған әрі дамымыған мемлекеттердің бастапқы приоритет экологиядан экономикаға өтеді. Сондықтан да қазір қоршаған ортаның жағдайы күннен күнге нашарлап бара жатыр.
Қортындылай келеп, егер мемлекеттер жаһанданудан туындайтын мәселелерді билсенді түрде шешуге тырсса , онда олардың жаһанданудан көрер жақсы жақтары көбірек болатын еді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/18349/?ysclid=l7hhkg4c6l637876621



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет