«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


Оқылымға арналған балл қою кестесі



бет10/18
Дата18.05.2023
өлшемі103,56 Kb.
#94416
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Оқылымға арналған балл қою кестесі




Дескриптор

Балл

1

Публицистикалық стильдегі мәтін

2

2

Жанры - мақала

2

3

Бүгінгі күні қазақ тілінің деңгейі әлі де төмен деңгейде қалып отыр. «Əзір

2




қазақ тілінің мәселелері күрделене түспесе, жеңілдей қоятын емес» деп автор







көрсеткендей, орыс тілінің үстем болып тұрғаны рас. Оны сауалнама нәтижесі







көрсетіп отыр.




4

Мәтін оқырманды ойландыру мақсатында жазған, мәтіннің аудиториясы

1




жаппай көпшілік.




5

Мәтіннің құрылымы толық сақталмаған. Тек кәрәспе және негізгі бөлімдерден

3




тұрады.







Кіріспе бөлім: Қазақ тілінің бүгінгі жай-күйі







Негізгі бөлім: Сауалнама нәтижесі




Барлығы

10



Жазылымға арналған балл қою кестесі

Балл

Сипаттама

9-10

Тапсырмада шығармашылық тәсілдерді өте жақсы қолданады; тақырыптан ауытқымайды; жазба жұмысының құрылымы сақталған; көркем тіл құралдарын орынды қолданған; сауаттылық деңгейі жоғары.

7-8

Тапсырмада шығармашылық тәсілдерді жақсы қолданады; тақырыптан ауытқымайды; жазба жұмысының құрылымы сақталған; көркем тіл құралдарын орынды қолданған; сауаттылық деңгейі жақсы.Түсінуге қиындық тудырмайтын қателер кездеседі.

5-6

Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді; қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген. Құрылымында сәл ауытқушылық кездеседі, бірақ түсінуге қиындық туғызбайды. Нақты суреттеу мен баяндау қабілеті бар, Өз ойын орташа жеткізеді.

3-4

Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті көмескілеу, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді; қолданылған құрылымы жүйесіз, Құрылымында ауытқушылық кездеседі, .Нақты суреттеу мен баяндауда ойы шашыраңқы, Өз ойын жүйелі жеткізуге қиналады.

1-2

Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес,

формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап

береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады. Құрылымы дұрыс қойылмаған. Тақырыптан ауытқушылық бар. Орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді




0

Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес.

Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.








Барлығы - 10 балл



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет