«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет2/18
Дата18.05.2023
өлшемі103,56 Kb.
#94416
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ойлау дағдыларының деңгейі



Дағдылар

Ойлау




Сұрақтар




дағдылары

Сипаттама




тобы

түрі




ның деңгейі



















Тыңдалым

Білу және

- дәйексөз, үзінді негізінде мәселені

Ауызша




мен

түсіну

болжайды;

толық




айтылым




- астарлы ойды анықтайды;

жауапты










- тұрмыстық, әлеуметтік мәтіндерді талдау

қажет ететін










арқылы негізгі ойды анықтайды;

сұрақтар







Қолдану

- перифраз түрінде берілген сұрақтар













арқылы мәтіннен қажетті

ақпаратты













анықтайды;






















Жоғары деңгей

- әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи










дағдылары

тақырыптарға

байланысты




диалог,













монолог,

полилогтердегі

(интервью,













пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен













экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін













талдайды;

























- көтерілген мәселе бойынша ой













тұжырымдайды;






















- коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми













және халықаралық терминдерді, ғылыми













деректерді орынды қолданып, диалог,













монолог, полилогте өз ойын дәлелді,













жүйелі жеткізеді.
















Оқылым

Білу және

- тұтас және аралас мәтіндердегі ақпаратты

Жазбаша




және әдеби

түсіну

салыстырады;










толық




тіл




-

тілдік

құралдар




арқылы

жауапты




нормалары




публицистикалық

және ғылыми

стиль

қажет ететін










ерекшеліктерін таниды;







сұрақтар







Қолдану

-

мақала,

аннотация,

презентация













құрылымы

мен

ресімделуі

арқылы













жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;










Жоғары деңгей

- ғылыми және публицистикалық стильде










дағдылары

жазылған мәтіндерді талдап, сілтеме













жасайды.



















Жазылым

Білу және

- тезистік жоспар құрайды;







Жазбаша




және әдеби

түсіну

- мақала, аннотация, тезис құрастырып,

толық




тіл




графиктік

мәтіндердегі

деректердің

жауапты




нормалары

Қолдану

маңызды тұстарын анықтап жазады;

қажет ететін










- аргументативті эссе жазады;







сұрақтар










-

бұқаралық

ақпарат

құралдары










Жоғары деңгей

материалдары

негізінде

стильдік










дағдылары

ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз













оралымдарын талдап, стильдік түзетулер













жасайды, редакциялайды.













  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды орындаудың бастапқы және соңғы 15 минутында сыртқа шығуға болмайтындығын ескертіңіз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, орындалу уақытын хабарлаңыз. Білім алушыларға жиынтық бағалау барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушылардың жиынтық бағалауды өздігінен орындап жатқандығына, орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, сөздіктерді пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың тапсырманы орындау уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау барысында нұсқаулыққа немесе уақытқа қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғанда, оқушыларға ескертіп хабарлаңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін, білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудағы кезекші мұғалімге өз жұмысымен және қосымша алаңдататын істермен айналысуға қатаң тыйым салынады. Мұқият болған жөн.




  1. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін, жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.



1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 45 минут

Оқылым – 20 минут


Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым

– айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.


«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Тіл және алаш идеясы», «Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті» бөлімдері бойынша
Тыңдалым тапсырмасы: https://turkystan.kz/article/139429-s-z-d-ret/
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін мазмұны бойынша негізгі ойға болжам жасаңыз.[10]
Абай бірде әкесі Құнанбайға сә­лем бере барып, бірер күн қа­сында аялдапты. Құнекең қажы­лық­тан оралғаннан кейін, бұрын­ғыдай көп әңгімеге зауқы соқпай­тын көрінеді. Бір кітапты алады да, аздап оқып, артынша ұзақ ой­­­ланып қалатын көрінеді және әл­гі көрініс бірнеше рет қайтала­нып­ты. Абай әкесінен бұның мәнісін сұрайын десе, ретін тап­пай­ды. Сәлден кейін жол жүретін кезі жақындайды. Сөз айтылмай, жабулы қазан сол күйінде қалып қояр ма еді, егер дана Құнанбай ба­­ла­сының көкейінде бір сауал ке­тіп бара жатқанын аңғармаған­да.
– Балам, – дейді әкесі, – бір нәр­­­сеге оқталдың ғой. Оқталдың да, тоқтадың. Соншалықты бап­тай­тындай не мәселе?
– Келгелі байқағаным, сіз ана бір кітапқа үңілесіз де, сәлден кейін ойға шомасыз. Не оқып жат­қаныңызды түсінбей, соны сұ­ра­ғым келген…
– Е, ол тариқат қой.
– Әке, мен сізді ақиқатқа әл­де­қа­шан жетті ме деп ойлағам, – деп­ті Абай. Жетпіс екі жасында қажылық­қа барып, одан келген соң, қалған өмірін дін жолында құл­шы­лық­пен өткізген Құнанбайдың ақи­қат­қа жеткеніне толық сенімді бол­мауы Абайды ойлантып таста­ға­ны анық. «Енді дүние сөзін сөй­ле­меймін», – деп, ешкімге тіл қат­пай қойғаны, оңаша үйде, шы­мылдықтың ішінде жалғыз оты­рып, Құдайға құлшылық қылғаны та­рихта жазылды.

«Тариқат – ол тақуалық және Алла Тағалаға жақындататын амал­дар. Ақиқат мақсатқа жету жә­не ұлық нұрды көру. Намаз ішін­дегі қызмет Аллаға жақын­дық. Қызмет шариғатта, Аллаға жа­қындық тариқатта, ал жетістік ақи­қатта», – деп түсіндіреді дін ғұл­малары.


Айтылым тапсырмалары:

  1. «– Әке, мен сізді ақиқатқа әл­де­қа­шан жетті ме деп ойлағам, – деп­ті Абай. Жетпіс екі жасында қажылық­қа барып, одан келген соң, қалған өмірін дін жолында құл­шы­лық­пен өткізген Құнанбайдың ақи­қат­қа жеткеніне толық сенімді бол­мауы Абайды ойлантып таста­ға­ны анық»- Осы үзіндідегі «ақиқатқа жету» туралы не ойлайсыз? Ойыңызды өз сөзіңізбен жалғастырып айтыңыз.

  2. «Енді дүние сөзін сөй­ле­меймін», – деп, ешкімге тіл қат­пай қойғаны, оңаша үйде, шы­мылдықтың ішінде жалғыз оты­рып, Құдайға құлшылық қылғаны та­рихта жазылды» - Берілген үзіндідегі ойды болжаңыз. «Дүние сөзін сөйлемеу» ұғымы қандай ой туғызды? Өз сөзіңізбен жеткізіп айтып беріңіз.

  3. Абай мен әкесінің өзара тілдесуінде сөз мәдениетінің қандай үлгісі сақталған?

Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]
Ана тілін жетілдірудің бірден-бір әлеуметтік ұясы – білім беру жүйесі. Бұл салада әзір қазақ тілінің мәселелері күрделене түспесе, жеңілдей қоятын емес. Кейбір қалаларда қазақ мектептері жеткіліксіз, аралас мектептердің негізі орыс сыныптары да, аз бөлігі қазақ сыныптары болып отыр. Бұл қазақтың ұл-қыздарының өз ана тілін жүйелі меңгеруінде көптеген кедергілер келтіруде.

Жоғары білім беру саласында да студенттердің қазақ тілінде сөйлейтіндері кездесе бермейді. Орыс топтарындағы ұлты қазақ студенттердің 80-90 пайызы өз тілдерінде сөйлемейді. Орыстілді қазақ оқытушылары өзара да, студенттермен де тек орыс тілінде сөйлеседі. 2 жыл бұрын еліміздегі белгілі университеттердің біріндегі қазақ және орыс тілі кафедралары қазақ тілін оқытуға байланысты сауалнама жүргізген болатын. Содан мысалдар келтіре кетейік. «Сіздің қазақ тілін меңгеру деңгейіңіз қандай?» деген сұраққа 149 студенттің 11%-ы «өте жақсы» және «жақсы» деп, 75%-ы орта деңгейде, 14%-ы ортадан төмен деңгейде деп жауап берген. «Қазақ тілін білу деңгейің төмен болса, оған не себеп болды?» дегенге 11%-ы «орыстілді қоғамда өмір сүргендіктен» десе, 56%-ы «отбасында, достарымен қазақ тілінде сөйлеспеу не аз сөйлесу» депті.




  1. Мәтін қандай стильде жазылған? Стильге тән тілдік құралдарды теріп жазыңыз.

_____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________ [2]

  1. Мәтін қандай жанрда жазылған?

___________________________________________________________________________ [2]

  1. Автордың ойын өз сөзіңізбен жазыңыз, бірақ айтылған әр тұжырымның соңында ойдың авторына сілтеме жасаңыз.

________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________ [2]


  1. Мәтін қандай мақсатта жазылған? Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________ [1]

  1. Мәтіннің құрылымын анықтаңыз.

  1. Кіріспе__________________________________________________________________

  1. Негізгі бөлім______________________________________________________________

  1. Қорытынды_____________________________________________________________

[3]


Жазылым


Екі бөлім бойынша берілген 4 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. [10]
(250-300 сөз)
1-бөлім. Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті


  1. «Алаш идеясы – қазақ идеологиясының темірқазығы» тақырыбында бөлім бойынша алған біліміңізді қолданып, аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.

  2. «Алаш идеясының өзектілігі және ХХI ғасырдағы қазақ қоғамы» тақырыбында

мақала жазыңыз.

2-бөлім. Əлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті




  1. «Өнер – халық тарихының шежіресі»  тақырыбында бөлім бойынша алған біліміңізге сүйене отырып, эссе жазыңыз.



  1. Қазақ өнерін және мәдениетін насихаттап, жергілікті газет бетіне жастарға арнап «Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің айтулы өкілдері » деген тақырыпта мақала жазыңыз.

________________________________________________________________________________


________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет