«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 5-сынып



бет10/25
Дата06.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#15535
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 5кл

Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым



Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

1

Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.

Оқылым


Балл

Мәтінді талдау

9-10

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

7-8

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

5-6

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

3-4

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

1-2

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

0

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін түсінбейді.

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды ауызекі-публицистикалық стильге сәйкес орынды қолданады. Жанрлық ерекшеліктерді (риторикалық сұрақ, назарды аударатын слоган немесе лозунгтың болуы, байланысу деректері т.б.), жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды ауызекі-публицистикалық стильге сәйкес қолданады. Жанрдың ерекшеліктерді (риторикалық сұрақ, назарды аударатын слоган немесе лозунгтың болуы, байланысу деректері т.б.), жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды ауызекі-публицистикалық стильге сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктері (риторикалық сұрақ, назарды аударатын слоган немесе лозунгтың болуы, байланысу деректері т.б.), жазылу сипатына қарай бірізділіктен ауытқу бар.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.



3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Қолданған тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдары ауызекі-публицистикалық стиль талаптарына сәйкес келе бермейді. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктері (риторикалық сұрақ, назарды аударатын слоган немесе лозунгтың болуы, байланысу деректері т.б.) үнемі сақтай бермейді, жазылу сипатында бірізділік жоқ.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.



1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Ауызекі-публицистикалық стильге сәйкес тілдік құралдарды қолданбайды. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін (риторикалық сұрақ, назарды аударатын слоган немесе лозунгтың болуы, байланысу деректері т.б.), жаудағы бірізділікті сақтамайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.





2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет