Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар ән мәтінін тыңдайды.
Оқушылар мәтінді тыңдау барысында тақырыпқа қатысты көтерілген мәселені түсіндіруге дайындалып, өздеріне қажетті тұстарды түртіп ала алады. Оқушы өз сөзімен әннің шумақтарындағы сөз оралымдардан мысалдар келтіре отырып, әннің негізгі ойын дәлелді түрде түсіндіреді. Мұғалім қажеттілікке қарай қосымша сұрақ қоя алады.
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)
5
5
1
5.2.3.1 жарнама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Оқушылар берілген мәтіндерді оқып, оларды өзара салыстырады. Сонан соң кестеге сүйене отырып, мәтіндердің тақырыбы, қысқаша мазмұны, жанры мен тілдік қолданыстарына талдау жасайды.
15
10
1
5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазу
5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Оқушылар ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, жарнама жазады. Жарнама жазуда олардың жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескерулері мен сауаттылық нормаларын сақтаулары бағалауда басты назарға алынады.