Дағдылар тобы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Сұрақтар түрі
|
Тыңдалым мен айтылым
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
әртүрлі тақырыптар мен жанрлардағы (ән мәтіні, жарнама, хабарландыру) мәтіндерде көтерілген мәселені өз сөзімен түсінідіреді;
тірек сөздерге сүйеніп, мәтінде көтерілген мәселеге болжамды көзқарасын білдіреді;
тірек сөздер мен жетекші сұрақтарға сүйеніп мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді қолданады;
өз пікірін білдіру үшін диалогке дайындықсыз қатысады;
тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;
көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді;
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Оқылым және әдеби тіл нормалары
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
түрлі жанрдағы мәтіндердің құрылымы мен ресімделуін негізге ала отырып, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;
ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстырады;
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсініп, анықтайды;
лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы ажыратады;
мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады;
оқылым стратегияларын қолданады;
|
Жазбаша қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Жазылым және әдеби тіл нормалары
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
ресімделуі мен құрылымын сақтап, жанрлық ерекшеліктеріне сай мәтіндер құрастырады;
құрылымын толық сақтай отырып, сипаттау немесе суреттеу эссесін жазады;
сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады;
жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді жазба жұмысы барысында қолданады;
орфографиялық нормаларды сақтайды.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|