«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)


-мәтін  Тұғырлы Тәуелсіздік таңы



Pdf көрінісі
бет8/39
Дата15.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#138014
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
1-мәтін 
Тұғырлы Тәуелсіздік таңы 
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен тайсалмауға тиіспіз. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ 
халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз 
үшін Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге 
танылды. Еліміздің бірінші президенті – Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан 
тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткізген өз 
мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл – даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі 
тиіс», – деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Талай-талай қас батырлар жанын қиып қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, 
талай өзегі өкініштен өртенген жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің 
куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің 
басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға 
толы кезеңімен есте қалды.
Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері, кейіннен басқа да елдер 
мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй 
басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін 
мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында 
болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге 
қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.
Қазақстанның әр азаматы осы күнді есте сақтайды және онымен мақтанады. 1991 жылы 16 
желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы Конституциялық 
заң қабылданды. Қазақстан халқы үшін Тәуелсіздік күні – ұлы күн. Бұл – үлкен еңбек пен халықтар 
достығының нәтижесі. (244 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет