«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет10/39
Дата15.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#138014
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 11кл ОГН

 
 
3-мәтін 
Елімізде жастардың көбеюі, әрине, көңілге қуаныш ұялатады. Еліміздің кемел келешегі болып 
саналатын жастар, яғни біздер, халқымыздың өсіп-өркендеуі, қоғам үшін де маңызы зор 
құндылықтың бірі болып саналамыз. Алайда «біздің болашағымыз» деп мақтана жүретін 
жастарымыздың мінез-құлқы мен тәрбиесі, олардың киген киімі мен ұстанған үлгісіне сәйкес болмай 
жататыны – ащы да болса, шындық.
Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әртүрлi сән үлгiлерiне, 
әуендерге қызығушылықтарынан туған. Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшiн 
таңсық емес. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. 
Дегенмен мұндай әуендi тыңдағанда «жастарға рэп несiмен қызықты екен?» деген сұрақ туады. 
Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында халықтық салт-дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка 
өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай. 
Тағы да бір айта кететін мәселе, теледидардан толассыз берілетін кәріс, түрік сериалдары да 
бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндеріміздің санасын улап жатқаны рас. Кәріс елінің атақты жас 
әртістерінің суреттерін қолдарына ұстап, жүректеріне басып жүрген қаракөз қыздарымыз қаншама? 
Кәріс жігіттеріне еліктеп, шаш өсіріп, оларды өздеріне үлгі қылып алған қара домалақ қазақтың 
қайран жігіттері-ай! 
Өкiнiштiсi сол, сырттан енген субмәдениеттiң кең қанат жаюына жағдай жасап, есiктi айқара 
ашқанымыз соншалық, өз жастарымызды танымайтындай халге жеттік. Қазақтың ұлттық 
мәдениетіне жат киім үлгілері, қыздарымыздың тобықтан келетін белдемшелерінің тізенің үстіне 
көтерілуі, омырауы ашық көйлектерді киюі батыс мәдениетінің жастардың жүрегінің төрінен орын 
алуынан. 
Шынын айтсақ, мысықтабандап келген субмәдениеттiң елімізде дамуына шектеу қоятындай 
арнайы заң жоқ. Екшеп-текшейтiн, қадағалап, саралайтын, тиiмдi-тиiмсiзiн сараптап қадағалайтын 
мемлекеттiк орган тағы жоқ. 
Сондықтан, өзін қазақпын деп санайтын және сол сөзді мақтана қуанышпен айта алатын әрбір 
қазақ жастары – біз бұл келеңсіз жайттарға жол бермеуіміз керек. (247 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет