Айтылым 2-тапсырма Берілген жоспар мен тірек сөздерді пайдаланып «Мамандықтың бәрі жақсы» немесе «Менің сүйікті мамандығым» деген тақырыптардың біреуі бойынша сөйлеңіз. Тірек сөздер: мамандық түрі, болашақта, таңдау жасау, әр адамның қалауы,
мамандықты сүю, пайдалы, қажетті.
Жоспар: 1) Мамандықтың түрі көп.
2) Менің қиялымдағы мамандық.
3) Мамандығыммен мақтанамын. [4]
Балл қою кесте
Сөйлеу әрекеті
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
Айтылым
Білім алушының ықтимал жауабы: Мамандықтың түрі көп. Әнші ән салады,
дәрігер адамдарды емдейді, мұғалім білім береді.
Бірақ әр адам өзіне ұнайтын мамандықты
таңдауы керек. Мен дәрігер болуды қалаймын.
Менің анам –дәрігер. Мен өз анама ұқсағым
келеді. Дәрігерлер адамдарға көмектеседі.
Оларды емдейді. Дәрігер - ең пайдалы мамандық.
Болашақта өзімді жақсы дәрігер боламын деп
ойлаймын.
1
Тақырыпқа сәйкес баламалы мәтін қабылданады. Тақырыпты ашады.
1
Тірек сөздерді
орынды қолданады.
1
Ойын жүйелі, еркін
жеткізеді.
1
Сөйлеу барысында
тілдік нормаларды
сақтайды
Барлығы
4
Оқылым 3-тапсырма Мәтінді оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз. Түркістан - 1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласы. Қазақтың рухани ордасына айналған Түркістан қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Шығысында тарихи қала Отырар, батысы Жаңақорған ауданымен (Қызылорда) солтүстігінде Созақ, Кентау қаласымен шектесіп жатқан киелі жер. Түркістан қаласы – Қазақстанның тарихи туризмінің таптырмас ордасы. Әсіресе туризм кластерінің басым бағыты көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған. Түркістанның іргетасы – V-VІ ғасырларда қаланған.
1) Тараз қаласы неліктен ірі сауда орталығы болды?
А) Қалада ең алғашқы монша салынды.
В) Қалада теңге соғатын ұстаханалар болды.
С) Қала Ұлы Жібек жолының бойында орналасты.
D) Қалада сәулет өнерінің ескерткіштері көп болды.
[1]
2) Түркістан қаласы қай облыста орналасқан?
А) Алматы облысында
В) Оңтүстік Қазақстан облысында
С) Солтүстік Қазақстан облысында
D) Қызылорда облысында
[1]
3) Түркістан қандай жерлермен шектесіп жатыр? Жазыңыз. ___________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[1]
4) Берілген сұрақтарға сәйкес бөлікті тауып, байланыстырып сызыңыз. 1) Түркістанның іргетасы қай А). 1500
ғасырларда қаланған?
2) Түркістан неше жылдық В).V-VІ ғасырларда қаланған
тарихы бар қала?
[2]