1-тапсырма Мәтінді тыңдаңыз. Тапсырмаларды орындаңыз. Кеше кешке басталған қар түнге дейін жауды. Ағаш пен үйді аппақ қар жапты. Әкем, мен, ағам, көрші ағайлар – бәріміз ең мықты әрі жүйрік аттарға міндік. Мен екінші рет аңға шықтым. Қасымызда тазы итіміз бар. Күн жып-жылы, айнала тып-тыныш. Жаңа жауған қардан түлкі, қоян сияқты аңдардың ізін оңай байқадық. Көп кешікпей аңдарды да көрдік. Бүркіттің томағасын шешіп, ұшырдық. Тазы иттер де қояндарды қуды.
Біз бес қоян, үш түлкі ұстадық. Бүркіт пен тазы сондай күшті әрі епті. Қашқан аңды тез ұстайды. Қыста аң аулау өте қызық.
1. Аңшылар аңдарды қалай оңай тапты?
А. Жаңбырдан кейін
B.Жаңа жауған қардан кейін
C.Айқай шудан кейін
2) Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін 2 сөйлемді анықтаңыз. А)Әкем, мен, ағам, көрші ағайлар – бәріміз аңға шықтық.
B)Аңдар қашқанда тазы иттер оларды қуады.
C)Бүркітші дегеніміз –бүркітті бағатын адам.
D)Қыс –ғажайып мезгіл.
3)Аңшылардың қасында қандай үй жануарлары бар?Олардың аңшыларға қандай көмегі бар?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 2-тапсырма
Берілген жоспар бойынша тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз. 1.Аңға шығу.
2.Аңдарды аулау.
мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес, жүйелі айтады;
мәтіндегі негізгі ақпараттарды қамтиды;
өз ойын еркін жеткізеді;
сөйлемнің құрылымын сақтайды;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды