«Қазақ тілі» пәнінен



Pdf көрінісі
бет21/37
Дата08.02.2022
өлшемі493,13 Kb.
#25036
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
 

 

 

 


Оқылым 

Тапсырма 

1. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мәтіндердің типтерін, құрылымын салыстырыңыз. 

Мәтіндер қандай стильде жазылған?

 

 



[5] 

А мәтіні 

Құқықбұзушылық әрекеттерге қандай бала барады? 

Шаңырақ  көтеріп,  баланың  бал  қызығымен  отбасылық  өмірді  енді  ғана  бастап  келе 

жатқан  отбысының  екіге  айырылысуы  бала  психикасына  кері  әсері  мол.  Баланың  ішкі 

әлемінде  сыртқа  айта  алмайтын  сырларының  жиналуы  да,  теріс  қылықтарға  жол  беретіні 

тағы бар. Екі жақты мейірім көрмеген бала мейірімге мұқтаждық тауқыметін бастан кешіп,  

сыртқы  әлемнен  мейірім  іздейді.  Отбасы  бүтін  бола  тұра  әлеуметтік  жағдайының 

төмендігінен  де  жаман  әрекеттерге  баратындары  да  жоқ  емес.  Ата-анасынан  қысым  көрген 

балалар да теріс әрекеттерге бой алдыруда. Мысалы; ата-анасының тапсырмасын орындамау 

салдарынан (үй жұмысы, мөлшерден артық қаржы, ой санаспау т.с.с) қысым көргендер де. 

Психолог және психиатр мамандар адамның жан дүниесін 100 пайыз зерттей алмайды. 

Адам баласының миында түсініп болмайтын жайттар болып жатады. ГЕН мәселесі де үлкен 

рол ойнайды.   

Ұлжанның  ақ  сүтімен,  Зеренің  зерделі  ертегілерімен  сусындаған  кешегі  Абай  –  нар 

қазақ.Бүгінде  кешегі  Абайдай  қазақты  тәрбиелеуде  әжелеріміз  бен  аналарымыздың  алатын 

орны  ерекше.  Өмір  бойы  әкесінің  жұмбағын  шешуге  бар  күш  жігерін  сарп  еткен  Абайдай 

ұрпақты тәрбиелеу әрбір әкенің парызы деп білемін.Тәрбиесі тереңге жайылған толыққанды 

отбасынан  зиялы  азаматтардың  шығатынына  күмәнім  жоқ!  Ал  тәрбие  бар  жерде 

құқықбұзушылыққа  жол  жоқ.  «Қатты  тәртір  көрсе  бала  күнінде,  өнерімен  қуантады 

түбінде!»  деген  Жүсіп  Баласағұнның  қанатты  сөзі  бала  тәрбисіне  жастайынан  мән  беруді 

меңзеп, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуге шақырады. 

Тәртіпке  бас  иген  елдің  азаматтары  ғана  Жаңа  әлемдегі  Жаңа  Қазақстанды  жасай 

алады! Өйткені кемелденген мемлекет кемелді жастардың қолында! 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет