«Қазақ тілі» пәнінен



Pdf көрінісі
бет20/37
Дата08.02.2022
өлшемі493,13 Kb.
#25036
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
25 минут 

30 


«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары  

 

Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис 

Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис 

Жасөспірім және заң. Синтаксис 

 

Тыңдалым мен айтылым 

Тапсырма 

1. Мәтінді  мұқият  тыңдаңыз.  Мәтінді  тыңдау  барысында  онда  кездесетін  термин  сөздерді 

түртіп  алыңыз.  Мәтіннің  астарлы  ойы  нені  меңзейді?  Сұраққа  түртіп  алған  термин 

сөздеріңізді қолданып, жауап беріңіз. 

2.  Өз  жұбыңызды  мұқият  тыңдаңыз.  Мәтіннің  негізгі  ойына  қатысты  айтқан  жұбыңыздың 

пікірімен  қаншалықты  келісесіз?  Келісетін  не  келіспейтін  тұстарыңызды  дәлелдеп,  жүйелі 

кері байланыс беріңіз. 

[10] 


 

1-мәтін 

Жергілікті  аймақтың  Қазақстанның  Қызыл  кітабына  енгізілген  жануарлары  мен 

өсімдіктері.  Экологиялық  апат  түсінігі  —  тек  су,  топырақ,  ауаның  ластануы  мен  тиімсіз 

қолданылуы  ғана  емес,  сонымен  бірге  экожүйенің  биологиялық  құрамының  бұзылуы  — 

өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуы. 

Түрлердің  жойылуының  бір  ғана  себебі  —  адамның  шаруашылық  іс-әрекеті:  тікелей 

ізіне  түсу  (аңшылық,  балық  аулау,  орманның  кесілуі  және  т.б.)  немесе  жанама  әсері 

(байырғы тіршілік ортасынан ығыстыру, ортаның тез өзгеруі). Өсімдіктер мен жануарлардың 

кейбір түрлерінің жойылуы неге алып келуі мүмкін? 

Биоценоздың  —  табиғаттың  (элементарлық  ұяшықтарының)  тұрақтылығы  бірден 

бұзылады.  Ал  бұл  тізбекті  реакция  сияқты,  одан  да  ірі  кешендердің  деградациясына  және 

«ғаламшардың  тыныс  алуының»  бұзылуына,  топырақ  құнарлылығының  және  биологиялық 

өнімдер алу мүмкіндігінің бірден төмендеуіне алып келеді. 

Әр  жоғалған  түр  қайта  қалпына  келмейді.  Ғылым  оны  жаңадан  жасап  шығаруға 

дәрменсіз.  Демек,  адамдар  әрбір  биологиялық  түрге  тән  құнды  қасиеттерді  пайдалана 

алмайды. Ал бұл — адамзат үшін орны толмайтын шығын. Сондықтан 1948 жылы құрылған 

Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағы шеңберінде 1949 жылы «тірі 

қалу» бойынша комиссия құрылды. Олардың маңызды міндеттерінің бірі жойылу қаупі туып 

тұрған түрлердің тізімін жасап, оларды қорғау жолдарын анықтау болды. 

https://ikaz.info/yzyl-kitap-a-engen-zhanuarlar-men-simdikter/

 

 

 



2-мәтін 

Салынатын  айыппұл  көлемі  6  айлық  есептік  көрсеткіштен  1000  айлық  есептік 

көрсеткішке  дейін  ұлғайтылады.  Бұл  туралы  Үкімет  отырысында  Қазақстан 

Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 

мәлімдеді.    «Әкімшілік  және  Қылмыстық  кодекстерге  ағаштарды  заңсыз  кескені  үшін 

жауапкершілікті  күшейтетін  түзетулер  әзірленді.  Сонымен  бірге  кесілген  ағаштардың 

орнына  өтемдік  ағаш  отырғызу  нормаларын  ұлғайту  көзделген.  Мысалы,  құқық 

бұзушылықтардың қайталануына байланысты айыппұлдарды жеке тұлғаға 10 айлық есептік 

көрсеткіштен  150  айлық  есептік  көрсеткішке  дейін,  шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  30 

айлық  есептік  көрсеткіштен  450  айлық  есептік  көрсеткішке  дейін,  орта  кәсіпкерлік 

субъектілеріне 40 айлық есептік көрсеткіштен 600 айлық есептік көрсеткішке дейін және ірі 

кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіштен 1500 айлық есептік көрсеткішке 




дейін  арттыру  ұсынылады»,  –  деді  министр.    Осылайша  Үкімет  отырысында  Премьер-

министр  экология,  ауыл  шаруашылығы,  индустрия,  қаржы  министрліктеріне  өңірлердің 

әкімдіктерімен бірлесіп, екі ай мерзімде Ормандарды қалпына келтірудің және ағаш өсірудің 

кешенді  жоспарын  әзірлеуді  жүктеді.  Ал  өңірлердің  әкімдіктеріне  елді  мекендер  мен 

мемлекеттік  орман  қорындағы  жасыл  желектерді  мониторингілеу,  түгендеу,  олардың  жай-

күйі мен пайдаланылуын бақылау, орман қорғау қызметтерін материалдық-техникалық және 

кадрлық жарақтандыруды нығайту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.  

https://clck.ru/WrzdB

 

 

3-мәтін 



Қазақстан  минералдық  ресурстарға  бай.  Қазақстан  дүниежүзі  елінің  ішінде  вольфрам, 

қорғасын,  барийдің  және  басқа  да  пайдалы  қазба  байлықтарының  қоры  бойынша  алдыңғы 

қатарларда. 

Қазақстан  жерінде  хромиттің  әлемдік  қорының  үштен  бірі,  уран  мен  марганецтің 

төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан. 

Енді  энергетика  өндірісінің  қоршаған  ортаға  тигізетін  әсерін  қарастыратын  болсақ, 

оның  зиянды  әсері  отынды  жер  қойнауынан  шығарғаннан  бастап,  электр  энергиясына 

айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен. 

Ластаушы  компоненттердің  түрі  мен  мөлшері  қолданылған  отынның  табиғатына, 

химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты. 

Қатты отынды жаққанда күл, ыс, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Сұйық 

отынды  (мұнай  мен  оның  өнделген  өнімдерін)  қолданғанда,  ауаға  күкірт  пен  көміртектің 

қосылыстары  бөлінеді.  Ал  газды  (отынды табиғи  мен  сұйытылған  газ)  жаққанда,  қоршаған 

орта  тек  азот  оксидімен  ластанады.  Отынның  химиялық  құрамында  қандай  элементтердің 

қосылыстары  болса,  жаққанда  солардың  оксидтері  мен  басқа  да  қосылыстары  қоршаған 

ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын 

қондырғыларды  (сүзгіштерді)  қолданған  орынды.  Осындай  қондырғылар  зиянды  заттарды 

ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. 

 

4-мәтін  

Табиғи  ресурстар  олардың  қолдану  саласына  қарай  өндірістік,  денсаулықты  сақтауға 

қажетті,  ғылыми,  эстетикалық  деп  бөлінеді.  Табиғи  ресурстары  сарқылмайтын  және 

сарқылатын  болып  екіге  бөлінеді.  Сарқылмайтын  қорлар  адам  баласына  тәуелсіз  болып 

келеді. Соның бірі – су. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. 

Сарқылатын  қорлар  өз  кезегінде  қалпына  келетін  және  қалпына  келмейтін  деп 

жіктеледі.  Мысалы,  қазба  байлықтар,  мұнай,  көмір  қорлары  қалпына  келмейтін  байлық 

көзіне жатады. 

Адамзаттың  күн  көрісі  мен  тіршілік  етуіне  қажетгі  заттар  және  табиғатта  кездесетін 

жаратылыс  дүниелері  табиғи  ресурстар  деп  аталады.  Табиғи  ресурстарды  пайдалану 

нәтижесінде,  адамзат  азық-түлік,  киім-кешек  тұрмыс  қажетін  өтеуге  керекті  заттар,  жанар-

жағар майлар және өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. 

Қалпына  келетін  қорлар  да  адамның  ақыл-ойына  тәуелді  болады.  Олар  –  топырақ, 

өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде 

табиғат  байлығын  кешенді  үнемдеп  пайдалану  арқылы  қоғамның  материалдық  қажетін 

өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. 

Табиғат  байлығын  тиімді  пайдалану  өндірістің  дамуын  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай, 

табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-

теңдігін сақтау болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет