«Қазақ тілі» пәнінен



Pdf көрінісі
бет18/37
Дата08.02.2022
өлшемі493,13 Kb.
#25036
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Балл қою кестесі 

Тыңдалым және айтылым 

Балл 

Коммуникативтік құзыреттілік 



Грамматикалық құзыреттілік 

Мәтінде  көтерілген  мәселені  терең 



түсінгендігін  көрсетеді.  Өз  пікірін 

мәтінмен,  басқа  да  дереккөздердегі 

ақпараттармен 

байланыстырып, 

ұтымды 

жеткізеді. 

Дәйектемелері 

көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. 

Талқылау  кезінде  жоғары  ойлау 

деңгейін  көрсететін  ашық  сұрақтар 

қояды.   

Ойын  аяқталған,  толық  сөйлемдермен 

жеткізеді. 

Ой 


мен 

ойды 


байланыстыруда 

грамматикалық 

дағдыны  өте  жақсы  қолданады.  Сөздік 

қоры  мол.  Паразит  сөздер  мен 

қайталаулары 

жоқ. 


Жеке 

пікірін 


білдіруде  қыстырма  сөздер  мен  оқшау 

сөздерді 

өте 

орынды, 


тиімді 

пайдаланады. 

Мәтінде  көтерілген  мәселені  жақсы 



түсінгендігін  көрсетеді.  Өз  пікірін 

мәтінмен,  басқа  да  дереккөздердегі 

ақпараттармен 

байланыстырып, 

жеткізеді.  Дәйектемелері  көзқарасын 

дәлелдеуде орынды. Талқылау кезінде 

мәтін аясында ашық сұрақтар қояды.   

Ойын  аяқталған,  толық  сөйлемдермен 

жеткізеді. 

Ой 


мен 

ойды 


байланыстыруда 

грамматикалық 

дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры 

жеткілікті. 

Паразит 

сөздер 


мен 

қайталаулар  аздап  кездеседі.  Жеке 

пікірін  білдіруде  қыстырма  сөздер  мен 

оқшау сөздерді орынды пайдаланады. 

Мәтінде 


көтерілген 

мәселені 

қанағаттанарлық 

деңгейде 

түсінгендігін  көрсетеді.  Өз  пікірін 

мәтіндегі 

 

ақпараттармен 



байланыстырып 

жеткізеді. 

Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде 

үнемі  орынды  бола  бермейді,  кейде 

негізгі 

мәселеге 

қатыссыз 

пайымдаулар  кездеседі.  Талқылау 

кезінде  мәтін  аясында  ашық,  жабық 

сұрақтар қояды.   

Ойын 

кейде 


аяқталған, 

аракідік 

синтаксистік  құрылымы  сақталмаған 

сөйлемдермен  жеткізеді.  Ой  мен  ойды 

байланыстыруда 

грамматикалық 

қателері 

кездеседі. 

Сөздік 

қоры 


қанағаттанарлық.  Паразит  сөздер  мен 

қайталаулары  кездеседі.  Жеке  пікірін 

білдіруде  қыстырма  сөздер  мен  оқшау 

сөздерді 

орынды, 

орынсыз 


пайдаланады. 

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі 



деңгейде  түсінгендігін  көрсетеді.  Өз 

пікірін 


мәтіндегі 

ақпараттармен 

байланыстыра  жеткізуде  қолдауды 

қажет  етеді.  Көзқарасын  дәлелдейтін 

дәйектемелері  сирек,  көбінесе  ойын 

жалпылама 

жеткізеді. 

Талқылау 

кезінде  қойған  сұрақтары  жабық 

сұрақтар шеңберінде болып келеді.   

Ойын  көп  жағдайда  аяқтамайды,  жай 

сөйлемдерді,  қарапайым  синтаксистік 

құрылымдарды  қолданады.  Ой  мен 

ойды  байланыстыруда  грамматикалық 

қателері  жиі  кездеседі.  Сөздік  қоры 

күнделікті  ауызекі  лексикадан  тұрады. 

Паразит  сөздер  мен  қайталаулары  жиі 

кездеседі.  Жеке  пікірін  білдіруде 

қыстырма  сөздер  мен  оқшау  сөздерді 

орынсыз пайдалануы жиі кездеседі. 

Мәтінде  көтерілген  мәселені  өте 



төмен    деңгейде  түсінеді.  Ақпаратқа 

қатысты  жеке  көзқарасы  мен  пікірі 

жоқ,  көбінесе,  дайын  ақпаратты 

қайталап  айтады.  Себебін  түсіндіруі 

аз. Жабық сұрақтармен шектеледі.   

Ойын 


аяқтамайды, 

қарапайым 

синтаксистік 

құрылымдармен 

шектеледі.  Грамматикалық  дағдылары 

жетіспегендіктен, 

ой 

мен 


ойы 

байланыспайды,  жүйе  жоқ.  Паразит 

сөздер 

мен 


қайталаулары 

негізгі 


лексикадан басым.  

 



Оқылым  

Балл 


Сипаттамасы 

9-10 


Мәтінде  көтерілген  мәселені,  стильдік,  тілдік  қолданыс  ерекшеліктерін, 

ұқсастықтары мен айырмашылықтарын өте жақсы түсініп талдайды. 

7-8 

Мәтінде  көтерілген  мәселені,  стильдік,  тілдік  қолданыс  ерекшеліктерін, 



ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жақсы түсініп талдайды. 

5-6 


Мәтінде  көтерілген  мәселені,  стильдік,  тілдік  қолданыс  ерекшеліктерін, 

ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  қанағаттанарлық  деңгейде  түсініп 

талдайды. 

3-4 


Мәтінде  көтерілген  мәселені,  стильдік,  тілдік  қолданыс  ерекшеліктерін, 

ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  шектеулі  түсінеді,  талдауға  талпыныс 

жасайды. 

1-2 


Мәтінде  көтерілген  мәселені,  стильдік,  тілдік  қолданыс  ерекшеліктерін, 

ұқсастықтары мен айырмашылықтарын өте төмен деңгейде түсінеді. 

Мәтінде  көтерілген  мәселені,  стильдік,  тілдік  қолданыс  ерекшеліктерін, 



ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсінбейді. 

 

Жазылым 



Балл 

Сипаттамасы 

9-10 

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен 



тіл  құралдарын  барынша  (тұрақты  сөз  тіркестері,  афоризмдер,  цитаталар 

көркемдегіш  құралдар,  мақал-мәтелдер  т.б.)  жанрға  сәйкес  орынды  қолданады. 

Ойын  еркін,  логикалық  тұрғыдан  жүйелі  жеткізеді.  Сөздік  қоры  мол.  Жанрдың 

құрылымдық ерекшеліктерін, Ойын жеткізуде бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.  

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.  

7-8 


Тақырыптың  мазмұнын  ашады.  Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  тіл 

құралдарын  (тұрақты  сөз  тіркестері,  афоризмдер,  цитаталар  көркемдегіш 

құралдар,  мақал-мәтелдер  т.б.)  жанрға  сәйкес  қолданауға  тырысатыны 

байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. 

Жанрдың  құрылымдық  ерекшеліктерін,    ойын  жеткізуде  бірізділікті  сақтайды. 

Мәселе  бойынша  ұсынылған  шешімнің  артықшылығы  мен  кемшілік  тұстарын    жақсы  

салыстырады және өз ойын дәлелдеп жазады. 

 

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі. 



5-6 

Тақырыптың  мазмұнын  ашуы  жеткіліксіз.  Жанрға  сәйкес  тіл  құралдарын 

(тұрақты  сөз  тіркестері,  афоризмдер,  цитаталар  көркемдегіш  құралдар,  мақал-

мәтелдер  т.б.)  сирек  болғанымен,  орынды  қолданады.  Ойдың  логикалық 

тұрғыдан  жүйесі  аракідік  байланыспайды.  Сөздік  қоры  қанағаттанарлық 

деңгейде.  Жанрдың  құрылымдық  ерекшеліктерін  сақтайды,  Ойын  жеткізуде   

бірізділіктен  ауытқу  бар.  Мәселе  бойынша  ұсынылған  шешімнің  артықшылығы 

мен  кемшілік  тұстарын    қанағаттанарлық  деңгейде  салыстырады  және  өз  ойын 

дәлелдеуге  тырысады.  

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қате   кездеседі. 

3-4 

Тақырыптың мазмұнын ашуы өте әлсіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты 



сөз  тіркестері,  афоризмдер,  цитаталар  көркемдегіш  құралдар,  мақал-мәтелдер 

т.б.)  сирек  қолданады,  орынсыздық  байқалады.  Ойдың  логикалық  тұрғыдан 

жүйесі  байланыспайды.  Сөздік  қоры  шектеулі.  Жанрдың  құрылымдық 

ерекшеліктерін сақтайды, бірақ ойын жеткізуде  бірізділік жоқ. Мәселе бойынша 

ұсынылған  шешімнің  артықшылығы  мен  кемшілік  тұстарын    төмен    деңгейде 

салыстырады және өз ойын дәлелдеуі жеткіліксіз.  

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қате кездеседі. 



1-2 

Тақырыптың  мазмұнын  ашпайды.  Жанрға  сәйкес  тіл  құралдарын  қолданбайды. 

Ойдың  логикалық  тұрғыдан  жүйесі  жоқ.  Жанрдың  құрылымдық  ерекшеліктерін 

сақтамайды. Мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік 

тұстарын    салыстыра алмайды және өз ойын дәлелдемеген.  

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қате  кездеседі. 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет