«Қазақ тілі» пәнінен


Тазарғың келсе, театрға бар!



Pdf көрінісі
бет28/37
Дата08.02.2022
өлшемі493,13 Kb.
#25036
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
 

Тазарғың келсе, театрға бар! 

«Әдебиет  пен  өнер  ұлы  болмаған  жерде  ұлт  та  ұлы  болмайды»  деген  Ғабит 

Мүсірепов. Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, 

рухани дүние танымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді 

дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны ерекше. 

Әрбір  театрдың  тарихи  жағынан  қалыптасып  дамуы,  болашаққа  қадам  басуы,  өсіп-

өркендеуі,  әр  халықтың  өмір-тұрмысымен,  салт-санасымен,  тағылымды  тарихымен  және 

ішкі мәдениетімен тығыз байланысты. 

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің 

қарашаңырағы  болып  саналады.  Оған  дәлел  –  1917  жылы  Мұхтар  Әуезовтің 

басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы. Бұл пьеса қазақ 

еліндегі жаңа өнердің, қазақ театрының тұсаукесері болды. Қазақ мәдениетінің өркендеуіне 

сүбелі үлес қосқан, зор екпінді күш болды. Театр өнері қарыштап дами бастады, алға қадам 

басты. Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс, өнердің өркендеуіне жұмыс 

жасады. Мұхтар Омарханұлының бастауымен «Ес-Аймақ» театры 1920 жылдары қарқынды 

жұмыс атқарды. Рухани шөлдеген жұртты өнермен сусындатты. Әйгілі  Әміре Қашаубаев, 

Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Ғалиақпар Төребаев, Қалибек Қуанышбаев сынды майталман 

өнер иелері топтасып, театр өнері биікке қанат қақты. 

 

Тапсырма 

1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтіндегі көркемдік  бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді 

тұрақты тіркестерді жазып алыңыз.  

2. «Бүгінгі таңда театр көрермендерінің мәдениеті төмендеп кетті» деген пікірмен келісесіз 

бе?  Өз  көзқарасыңызды  жан-жақты  тұжырымдап,  мысалдар  арқылы  дәлелдеңіз.  Пікір 

білдіруде жазып алған көркемдік  бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты 

тіркестерді қолданыңыз. 

[10] 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет