«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы


Елдер, елді мекен атаулары



бет17/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
Елдер, елді мекен атаулары

Ауғ. – Ауғаныстан.

Ақс. – Ақсу ауданы.

Арыс. – Арыс ауданы.

Жамб. – Жамбыл облысы.

Жезқ. – Жезқаған.

Ир. – Иран.

Красн. – Красноводск.

Көкп. – Көкпек аулы.

Қарм. – Қармақшы ауданы.

Қазт. – Қазталов ауданы.

Қ. Орда. – Қызылорда облысы.

Қорд. – Қордай ауданы.

Мақт. – Мақтаарал ауданы.

Мер. – Меркі ауданы.

Орал. – Орал облысы.

Орын. – Орынбор губерниясы.

Өзб. – Өзбекстан.

Рес. – Ресей Федерациясы.

Сайр. – Сайрам ауданы.

Сем. – Семей облысы.

Түркм. – Түркменстан.

Ұлы. – Ұлытау ауданы.

Шу. – Шу ауданы.

Шымк. – Шымкент облысы.
Тілдер

аз. – азербайжан тілі

алт. – алтай тілі

баш. – башқұрт тілі

гаг. – гагауз тілі

ен. – орх.– енисей-орхон ескерткіштері

ққал. – қарақалпақ тілі

қтат. – қырым татар тілі

қбал — қарашай-балқар тілі

құм. – құмық тілі

қаз. – қазақ тілі

қыр. – қырғыз тілі

монғ. – монғол тілі

ноғ. – ноғай тілі

өз.– өзбек тілі

сал. – салар тілі

тат. – татар тілі

түр. – түрік тілі

түрікм. – түрікмен тілі

тоф. – тофалар тілі

ұйғ. – ұйғыр тілі

хақ.– хақас тілі

чув. – чуваш тілі

шор. – шор тілі

як. –якут тілі

АЛҒЫСӨЗ

Тіліміздің қазіргі күйітарихқа белгісіз ежелгі дәуірлерден бастап осы заманға дейінгі өсу, өзгеру, шыңдалу үдерістерінің жемісі, нәтижесі. Қоғамның дамуына, оның экономикалық және рухани өміріндегі өзгерістерге байланысты тіл де дамиды. Халық тілі бізге адам қоғамының өсіп-өркендеу кезеңдерінде пайда болған сөз байлығын, сөз мағынасын, тілдің дыбыстық, грамматикалық құбылыстарын, небір әсерлі, бейнелі сөйлеу шеберліктерін жеткізді. Халықтың ой-пікірі, сана-сезімі, іс-әрекеті, өмір тіршілігіне қатысты ұғымдардың бәрі тіл байлығынан өз орнын алады. Осы себепті ол халықтың барлық білген білімі мен білігі, ойы мен идеясы, дүниетанымының көрінісі болып есептеледі. Басқаша айтқанда, сөз байлығы ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бірден-бірге ауысып, бүгінгі дәуірге дейін жеткен мол қазына, асыл мұра.

Қазақ тілі қандай тіл деген сұраққа аса көрнекті тілші ғалымдарымыздың бірі, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі А.Ы.Ысқақов былай деп жауап қайтарады: «Қазақ тілі лексикасы сөзге бай, сөйлеуге оралымды тіл; қазақ тілі – грамматикалық амал-тәсілдері мол, сөздерді бір-бірімен тіркестіруге де, құрастыруға да, сөйлем жүйелерін орайластыруға да икемді, ішкі мүмкіншіліктері мейлінше қарымды тіл; қазақ тілі – дыбыстық жағынан сазды, құлаққа естілу жағынан әуезді, тартымды, көрікті тіл» (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. I том. Алматы, 1974. 5-бет). Бұған қосып-аларымыз жоқ. Қорытындылай айтқанда, қазақ тілі өз дамуының бүгінгі сатысында қазақ халқының бірыңғай ұлттық, жалпыхалықтық әдеби тілі болып отыр.

Алайда, ана тіліміз мұндай дәрежеге бірден жеткен жоқ. Толығып, шыңдалып жетілудің талай өткелдерінен өтті. Қандай құбылыстың, фактінің болсын өткенін, тарихи даму жолдарын білмей тұрып, оның қазіргі күйін, сырын жете білу мүмкін емес. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілі тарихын жазып шығудың ғылым үшін де, практика үшін де маңызы өте зор.

Бұл – расында, орасан зор еңбекті талап ететін игілікті жұмыс. Ең алдымен, қазақ тілінің тарихын жазып шығуға қажетті материалдарды қайдан табуға болады деген сұрақ туындайды. Қай тілдің болсын өткен тарихын, лексика-фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылысының даму жолдарын зерттеу, үйрену үшін, сөз жоқ, тілдің өткен күйін білдіретін, оның өткен дәуірлерінен сақталған фактілер, материалдар болуы қажет. Тілдің әрбір тарихи кезеңдегі күйін білдіретін жазба материалынсыз, тілдік фактісіз оның өткен тарихын зерттеу, білу мүмкін емес. Олай болса, қазақ тілінің әрбір тарихи кезеңдегі күйін білдіре алатын жазба материалдар бар ма, болса олар қайсылар?

Біздің дәуірімізге қазақ халқының, негізінде, мал өсіруші көшпелі халық болып келгені, оның өзіне тән жазу, сызу өнері болмағаны белгілі. Бірақ бұл жағдай қазақ тілінің өткен тарихын білдірерлік жазба материалдар жоқ деген қорытынды жасауға дәлел бола алмайды.

Рас, қазақ тіліне тікелей қатысы бар жазба ескерткіштер өте аз, тіпті бірсыпыра тарихи кезеңдер арасындағы тілдік жайды білдіретін ешқандай материал жоқ. Бірақ кейінде қазақ халқының құрамына енген әр алуан тайпалар, рулар басқаларға байланыссыз, өз алдарына томаға-тұйық өмір сүрген қауымдар емес.

Өз алдына жеке бір халық болып қалыптасқанға дейін басқалар сияқты қазақ халқының да ыдырап бөлшектенудің, қосылып бірігудің талай асуларынан өткендігі – талас туғызбайтын шындық. Қазақ халқының көнерек замандағы тарихы дегеніміздің өзі – сол дәуірлерде Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар, қауымдар тарихы.

Қазақ халқының құрамына енген бірсыпыра тайпалар мен рулар біздің жыл санауымыздан бастап Қазақстан топырағында пайда болған, немесе Қазақстан аймағын қамтыған Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ деп аталатын бірлестіктердің немесе қағандықтардың тобында болды. Сондықтан да Қазақстанның біздің жыл санауымыздың алдыңғы он ғасырлық тарихы осы аталған тайпа бірлестіктерінің, қағандықтарының тарихымен байланыста, бірлікте қаралады.

Ал егер тіл тарихын сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қауымның тарихынан бөліп қарауға болмайды дейтін қағиданы бекер демейтін болсақ, қазақ тілінің көне тарихына жоғарыда аталған тайпалар одағы, қағандықтар заманынан сақталған жазу нұсқалары тілдерінің де, белгілі шамада болса да, қатысы барлығын бекер дей алмаймыз. Олай болса, Орхон, Енисей, Талас өзендері алқаптарынан табылған түркі жазбасының ертедегі ескерткіштері қазақ тілі тарихын зерттеуде де сарқа пайдаланатын тілдік материалдар болуға тиіс. Бұл материалдардың лексикалық, фонетикалық және грамматикалық жағынан қазіргі тілдегіден кейбір өзгешеліктеріне қарап оны сыртқа тебу, жатсыну қандай қате болса, оны қазіргі замандағы түркі тілдерінің біреулерінің меншігіне айналдырғысы келетін әрекет де дәл сондай қате. Өйткені түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да, қазіргі ұлттық тілінің, айналып келгенде, сол ертедегі тайпалық, рулық тілдерге барып тірелетіні, сол тайпалық я рулық тілдердің басқа да тайпалар я рулар тілдеріне қосыла, біріге немесе түрлі тарихи себептерден олардан бөліне, жекелене дамуының нәтижесінде пайда болғандығы күмәнсіз. Сондықтан жоғарыда аталған жазу нұсқалары түркі тілдері бірсыпыраларының, соның ішінде қазақ тілінің де, ертедегі тарихын зерттеуде қолданылатын ең көне, алғашқы материал ретінде танылуға тиіс (Т.Қордабаев. Тарихи синтаксис мәселелері. Алматы, 1964. 8-9 бб.).

Кейінде қазақ халқының құрамына енген тайпалардың, рулардың ұзақ замандар бойы Қыпшақ бірлестігінің, одан кейінгі дәуірлерде Ноғай ордасының құрамында болғандығы белгілі. Олай болса, түркі тілдес басқа бірлестіктерден гөрі бұл бірлестіктер тілінің, оның жазба ескерткіштерінің қазақ тілі тарихына тікелей қатынасы болмақ.

Қазақ тілі тарихы үшін ауыз әдебиеті нұсқалары да едәуір шамада материалдар бере алады. Бұларда қазіргі қазақ тілінде қолданылмайтын, оның арғы дәуірлеріне тән бірсыпыра сөздер, тіркестер, сөйлем түрлері сақталып қалған. Мысалы, Бұқар жырауда қазіргі тілдегі «бүлінеді» деген етістік «бүледі» түрінде қолданылған. Осы арқылы біз Бұқар тұсында «бүл» тірі түбір болғаны, кейіннен өлі түбірге айналғанын аңғарамыз. (Мына өлең жолына назар аударыңыз: Он сан ноғай бүлген күн). Немесе «Қыз Жібек» жырында:

Бүгін айдың нешесі

Ай қараңғы кешесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет