«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы


Түркі тілдерінің өзіне тән ерекшеліктерін былайша анықтауға болады



бет25/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Түркі тілдерінің өзіне тән ерекшеліктерін былайша анықтауға болады

1. Фонетикалық жүйесі бойынша:

а) түркі тілдерінде сөздің бірінші буынында кездесетін дауыстылар мен сөздің келесі буындарында кездесетін дауыстылар екі түрлі жүйе құрайды.

Бірінші буында ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып жұптасатын 8 дауысты дыбыс жұмсалады.

Кей тілдерде бұл 8 дауысты саны 16-ға дейін көбейеді. Бұл – дауыстылардың шұғыл/әдеттегідей және созылыңқы болып дыбысталуына байланысты туындайтын ерекшелік.

Мысалы, қырғыз тілінде тоо – тау, т.б.

Екінші және одан кейінгі буындарда көбіне жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып бөлінетін 6 дауысты дыбыс жұмсалады.

Сонымен, 1-буын вокализмі мен 2-буын (одан кейінгі буындар да) вокализмі сандық жағынан да, сапалық жағынан да бірдей емес, әртүрлі болып отырады;

ә) біршама жүйелі болып отыратын сингармонизм заңдылығы. Бұл заңдылық кейбір (мыс., ұйғыр тілі) тілдерде умлаутпен күрделеніп отырады;

б) сөз басында (кейбір ауытқуларды есепке алмағанда) 7 дауыссыз фонема айтылады, оның 4 шұғыл дауыссыз (б, т, қ, ч), 1 мұрын жолды (м), 2 ызың (проточные) (с, й) дауыссыз.

Сөз ортасы мен соңында 17 дауыссыз айтылады:

7 – шұғыл (взрывные) – п, б, д, к, қ, г, ч,

4 – мұрын жолды – м, р, н, ң,

4 – ызың (проточные) (з, ш, с, й),

2 – діріл (плавные) – л, р.

Сөз соңындағы шұғылдар екі вариантты, ғ, г ұяң дауыссыздары сөз ішінде тұрақты болып келеді.

Сөздің абсолют басында 1 ғана дауыссыз айтылады (дауыссыздардың қабаттасуы тән емес).

Түркі тілдерінің байырғы консонантизмі басқа жүйелі тілдермен (герман, семит т.б.) салыстырғанда, сапа, түр жағынан өзгешеленумен бірге, көп көріністі емес, бірыңғай болып келеді.

Түркі тілдерінің тұрақты белгілерінің бірі – интонациялық екпіннің сөздің соңғы буынына түсетіндігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет