«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы



бет29/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Қыпшақ-половец тілдері

Армян-қыпшақ

Қарайым

Қарашай-балқар

Қырым татарлары тілі (барлық диалектілердің қыпшақ субстраты және қыпшақ диалектілері) – Қырым; Добруджы, Румыния; Түркия

Қырымшақ


Куман (половец, қыпшақ-половец)

Құмық


Татар (қыпшақ субстраты және татарлардың қыпшақ диалектілері)

Үрім (барлық диалектілердің қыпшақ субстраты, қыпшақ-половец және қыпшақ-оғыз диалектілерінің қыпшақ говоры)



Қыпшақ-ноғай тілдері

Қазақ


Қарақалпақ

Қырым татарлары (ноғай диалекті)

Ноғай

Өзбек тілінің қыпшақ диалектісі



Қырғыз-қыпшақ тілдері

Алтай


Қырғыз

Қыпшақ-бұлғар тілдері

Башқұрт


Татар (Поволжье, Астрахань, Сибирь, Казахстан)

Қыпшақ тобына жататын тілдердің басты ерекшеліктері мынадай:

Фонетикалық құрылымында:

  1. Сегіз-тоғыз дауыстының болуы, олардың ішінде ы, и, і (у, ұ, ү) қысаң дауыстыларының өзіндік нақышы болады;

  2. ағ > ау, ег > ий, үг > үй т.б. дауысты мен дауыссыздың ежелден белгілі тіркестеріне сәйкестіктің болуы, мысалы: тағ > тау «тау», тег – > тий- «тию, жанасу», ү(ө)грен – > үйрен – «үйрену» т.б.;

  3. Түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тілдеріне сөз соңындағы дауыссыздың түсіп қалуы тән. Мысалы, оғыз және қыпшақ тілдеріндегі лексемаларды салыстырыңыз: сулук-сулу – (сұлу) чистый, красивый; серук-серу – тоқыма станогі; табак-таба – (жайпақ/жалпақ табақ); бураук-бурау – (бұраушы/бұрғы), бурав; тipiк-тipi – (тірі).

  4. Сондай-ақ, қыпшақ тілдері морфологиясы мен лексикасына тән кейбір ерекше белгілері бар. Олар оғыз және қарлұқ тілдерінің белгілерімен қарама-қарсы қойылады.

Қыпшақ тілдерінің ноғай, қарақалпақ және қазақ тілдері сияқты тірі тілдерден тұратын қыпшақ-ноғай топшасы Алтын орда мемлекетінің ыдыраған тұсында (дәуірінде) қалыптасты және өзге тілдердің дамуымен байланысты болды.

Қыпшақ-ноғай тілдері Орта Азия мен Еділ бойында таралған.



Қыпшақ-ноғай тілдері топшасы тарихи тұрғыдан біршама көнелеу болып саналатын қыпшақ-бұлғар және қыпшақ-половец топшаларынан мынадай белгілері бойынша ажыратылады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет