88
https://youtu.be/2ijq6-oL1ss
сілтеме арқылы видеоны тамашалап,
тҥсінгендеріңізді сӛздік қордады пайдала отырып, айтып
кӛріңіздер.
Айтылым.
3-тапсырма. Ӛздеріңіз қандай қазақстандық саяхатшыларды
білесіздер?
Оқылым.
4-тапсырма. Мәтіндегі негізгі тірек сӛздерді атаңыздар.
Қысқаша мазмҧндаңыздар.
Әліби Жангелдин – жер шарын айналған қазақтың тҧңғыш
саяхатшысы
Биыл қазақ баласының жер шарына саяхат жасағанына
105 жыл толмақ. Әліби Жангелдин 1884 жылы Торғай уезі,
қазіргі Қостанай облысындағы Қайдауыл жерінде дҥниеге келді.
Әкесі орта жҥздің қыпшағынан шыққан жалшы болатын.
Отбасында 8 бала болды: ҥш ҧл, қалғандары қыз бала. Ӛздері
кедейшілік жағдайында ӛмір сҥрді. Ерте жастан бастап Әліби
білімге ҧмтылғанымен, оның тҧрған жерінде мектеп болмады.
Бір кҥні Торғай кәсіптік мектебінің мҧғалімі ауыл ҥстінен ӛтіп
бара жатып, Әлібимен кездесіп қалды. Қолӛнер мектебінің
мҧғалімі оның есте сақтау және тез ҥйрену қабілеттерінің жақсы
жетілгенін байқап, мектепке шақырады. Әліби ӛзінің әкесімен
мектеп туралы және білім алуға деген қҧштарлығы туралы сӛз
қозғағанда, ол баласын тыңдағысы да келмеді. Жас бала ҥйден
қашуға бекінді және соған ыңғайы келетін сәтті кҥтті де. Кӛрші
ауылдан Торғайға қарай бет алған керуенмен кейін жасырын
ілесіп кетіп қалды. Торғайдан ӛзі аулында кезіктірген Ахмет
Балғамбаев деп аталатын ҧстазын кезіктірді. Ол орыс тілінде
білім берілетін қолӛнер мектебіне меңгерушілік ететін.
Осылайша болашақ саяхатшы сауаттылыққа ҥйрене бастады
Достарыңызбен бөлісу: