Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет17/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67
Байланысты:
Силлабус Казахский яз (В1 денгей) 2020-2021 дурысы наурыз 2021 (1)

Оқылым.
2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, қарамен көрсетілген сөздерге түсініктеме беріңіз.
Қайшылық дегеніміз – екі немесе одан да көп жақтардың арасындағы келіспеушілік. Екі жақта немесе әр топ өздерінің көзқарасын немесе мақсатын орындауға тырысады, сол мақсаты үшін қарсыласына кедергі жасайды.
1.Құндылықпен түсініктер (ұсынулар) айырмашылықтар;
2. Мінез – құлық үлгісі, өнегесіндегі өзгешіліктер;
3. Білім деңгейіндегі өзгешілік;
4. Нашар байланыс (коммуникация)
Жеке тұлғамен топ арасындағы қайшылық. Өндірістік топтар жоғарыда айтылғандай, өздерінің ережелері мен (беталыс) мінез – құлықтарын қалыптастырады. әр адам осы ережелерді орындауы қажет, сол кезде оның әлеуметтік қажеттілігі де қанағаттандырылады. Бірақ топтың күтуі жеке адам күтуі біріне қарама – қарсы болса қайшылық пайда болады.


Оқылым.
3-тапсырма. Мәтінге керекті сөздерді қойып оқып түсінгеңізді айтыңыз.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», — деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.


Қазақ отбасында........., содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ...............болады. Соның ішінде әйелдің алатын орны ерекше. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты.................... – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе,...............» деген сияқты сөздерді балаларының ..................өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа .......................Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, ..............., адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді ..................... Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін .................етіп қойған.
(Керекті сөздер: баулып өсірген, басты міндет, ұстаздары, талап-тілектері, құлағына құйып, әуелі әке, көргенсіз болма, мұқатпауды үйреткен, өздігінен тіл алғыш)

Есте сақтаңыз!!!!!!!!!



Әр отбасы өз ұрпағына ынтымақ пен имандылықты, адамгершілік пен ізгілікті аманаттаған. «Көргенді жердің, текті жердің баласы екеніңді таныт, ата-анаңа кір келтірме!» деген өсиет сөз біздің жүрегімізде жатталып, атадан балаға мирас болған.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет