Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет13/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Әдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]


14-сабақ
1-тапсырма
Сөздік қор:
Табыс табу
Қамқорлық жасау
Адамның қадірі
Бүкіл әлем
Әлемді өзгерту
Ақсақал адам
Көзіне жас алу
Викториналық ойын
Жұмсақ ойыншық
Сауда орталығы
Ұтып алу
Ақыл-есі кем
Жетектеп жүру


Оқылым
2-тапсырма. Мәтін
Жұмыстан келе жатсам, метроның жанында бір ақсақал отыр. Алдындағы жаймада күллі орден-медалі жатыр. Сатып, күн көрісін айырып отырған түрі. Жанына келдім де, қалтамдағы бар ақшамды жаймасының үстіне төге салдым. «Менің ақшамды алыңыз. Бірақ арыңыз бен ерлігіңіздің қадіріне жетпейтін адамдарға орденді сатпаңызшы!» дедім. Ардагер көзіне жас алды. Ақшамды қалтасына салды да, ордендерін жинады. «Рахмет, қызым!» деді. Осындай сәтте бүкіл әлемді өзгертіп жіберетіндей боп кеттім .
Мәтін
Сауда орталығында құрбым екеуміз қыдырып жүрген едік. Жарнаманың викториналық ойынына қатысып, жұмсақ ойыншық ұтып алдық. Жанымызда ақыл-есі кемдеу баласын жетектеп жүрген бір әке болды. Біз ойыншықты сол балаға беріп кеттік. Ол бізге «рақмет» деді. Әкесі соны естіп, жылап жіберді. Баласы көптен бері сөйлемей кеткен екен.


Тыңдалым
2-тапсырма. Жақсылық жасау-әр адамның міндеті.Youtube
Дыбыссыз фильмге мәтін құрастырыңыз. Тақырып қойыңыз


Жазылым
3-тапсырма.
Көмекші сөздерді қолданып, тақырыпқа сәйкес сөйлемдер құрастырыңыз
Күнделік жазыңыз:
Үлгі: Бүгін ауруханада жатқан көршіме барып, жағдайын білдім. ................................
Кішкентай бауырыма сыйлық сатып алдым. ..................................
Таңертең анама телефон соқтым, қуанып қалды. .............................
Айтылым
4-тапсырма.Қаламыздағы студент жастардың «Тамшы» қайырымдылық қоры жайлы білесіз бе? Олардың қайырымдылық істері жайлы сұхбат құрастырыңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет