Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет26/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Айтылым
4- тапсырма.
Адамды адам қылатын, тұлға қылатын-еңбек. «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» деген екен ата-бабамыз. Осы қағиданы өмірлік жолымда мықтап ұстанғанмын. Сонымен қатар өнер жолында маған батасын берген атақты композитор Арам Хачататурян: «Сен атақты музыкант боласың.
Есіңде болсын, соған жетудің үш-ақ жолы бар, олар-еңбек, дарындылық және шыдамдылық» деген еді. Бүгінгі бар менің жетістігім сол төзімділік пен қажырлы еңбектің арқасында келген деп білемін, - дейді Айман Мұсаходжаева.
Сіз не дейсіз?


Әдебиеттер: [7.1.2]; [7.1.3]; [7.2.4.]; [7.2.3.9]


27-сабақ
Жұмыс түрі және еңбекақы
Грамматика:Етіс формаларының қолданысы


Сөздік жұмыс
1-тапсырма.Сөздерді жазыңыздар.


Жұмыс беруші;
Ынталануын қамтамасыз ету;
Өндіріс шығындары;
Экономиканың заңдылықтары;
Ысырап, орынсыз шығын;
Сыйақының көлемі;
Сынақ мерзімі;
Қажетті өнім көлемі;
Қажырлы еңбек;


Оқылым
2- тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі мәліметтерді анықтау.


Еңбекақы бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Еңбекақыны дұрыс төлеудің екі түрлі маңызы бар.
Біріншісі жұмысшының ынталануын қамтамасыз ету, демек еңбек өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беру.
Екіншісі кәсіпорынның экономикасына оңды, не кері әсер етуінде. Егер еңбекақы әділетті төленсе экономиканың заңдылықтарына сәйкес келеді. Ол еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті туындату, бұлардың сақталуы оңды жағдай.
Ал кері әсері кем, не артық төлеуге байланысты. Ақы бағаланбаса немқұрайдылық пайда болады, өндіріс нәтижесі төмен болады. Еңбекақы шамадан артық төленсе, ысырап, орынсыз шығын, нәтижесі зиян. Сондықтан жұмысшылардың еңбек ақысының әділеттілік негізінде нәтижесіне байланысты төленуі маңызды экономикалық мәселелердің бірі.
Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет