3-мысал: Мерзімнен тыс жұмысқа есептеулер.
Бесінші разряды бар жұмысшы сәуір айында 12 сағат артық жұмыс істеді.Сағаттық тарифтік мөлшерлеме келісімшарт бойынша 165,25тенге.
Ұжымдық келісімшарт бойынша мерзімнен тыс жұмысқа 1,5 есе төленеді. Жұмысшыға мерзімнен тыс істеген жұмысының ақысын есептеу керек. 165,25т*12 с*1,5= 2974,50
4-мысал: Демалыс және мейрам күндеріне есептеулер.
Төртінші разряды бар жұмысшы 8 наурыз күні 8.00ден 17.00дейін жұмыс істеді. Жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағат. Мекемеде 5 күндік жұмыс уақыты белгіленген. Ұжымдық келісімшарт бойынша мейрам күндеріне екі есе төленеді. Сағаттық тарифтік мөлшерлеме келісімшарт бойынша 154,35тенге.
154,35*8 сағат * 2=2469,60 тенге
Кесімді еңбек ақыны есептеу.
5-мысал. Кесімді ақы алатын жұмысшыға белгілі 250,56 теңге бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Жалақысын табу керек.
Мерзімді еңбек ақы жай және мерзімді –сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбек ақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:
Сағаттық;
Күндік ақы;
Айлық ақы;
Мерзімдік – сыйақылық еңбек ақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).
…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………