Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі



бет3/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Силлабус Казахский яз (В1 денгей) 2020-2021 дурысы наурыз 2021 (1)

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі



Жұмыс түрі

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Бақылау түрі (рейтингтік шкалаға сәйкес)

Балдар (рейтингтік шкалаға сәйкес)

Есеп беру. түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Эссе жазу, пікірлесу, диспут өткізу

Ой-пікірлерін жеткізу мақсатында диалог құрастыру

[7.1],
[7.2],
[7.2.1],
[7.2.2],
[7.2.3]

Ағымдық
бақылау

50-100 балл

Ауызша

4 апта

2

Тақырыптар бойынша реферат жазу

Қазақ тілінің стильдері мен сөйлеу әрекеттерін дамыту

[7.1],
[7.2.1],
[7.2.2],
[7.2.3]

Ағымдық
бақылау

50-100 балл

Жазбаша



7 апта

3

Берілген тақырыптарға байланысты презентациялар жасау

Студенттің білімі мен кәсіби талабын қамтамасыз ету

[7.1],
[7.2],
[7.2.1],
[7.2.2],
[7.2.3]

Ағымдық
бақылау

50-100 балл

Ауызша және жазбаша

9 апта

4

Студенттің белсенділігін арттыру

Бақылау жұмысы

[7.1],
[7.2],
[7.2.1],
[7.2.2],
[7.2.3]

Ағымдық
бақылау

50-100 балл

Ауызша және жазбаша

13 апта



7. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі



Курс бойынша оқулықтар мен оқу құралдары

ҚарМУ кітапханасындағы оқулықтар мен оқу құралдарының саны

1. Негізгі әдебиеттер*




1.

 Айтбаева Б.М. Қазақ тілі. (В1 деңгейі) Оқулық. – Қарағанды, 2014. – 205 б.



5

2.

Бозбаева-Хунг А.Т., Балабеков А.К., Досмамбетова Г.Қ., Салыхова Б.О., Хазимова Ә.Ж. Қазақ тілі: орта деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана: 2017.



4

3.

Күзекова З.С., Байтелиева Ж.Д. Қазақ тілі: орта деңгейге арналған оқулық. – Астана, 2016.



3

2. Қосымша әдебиеттер**

4.

Абдрахманова Г.Х., Айтбаева Б.М. Қазақ тілі. –Қарағанды, 2014

5

5.

Салқынбай А.Б., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі. Орта деңгей:оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017.

4

6.

Күзекова, З.С. Қазақ тілінің функционалды практикалық грамматикасы: оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2015. – 180 б.



2

7.

Шаһарман Г.П. «Қазақ тілі» пәнінен өзге тілді студенттерге арналған грамматикалық кестелер албомы. Алматы, 2019.



3

2.1 Мерзімдік басылымдар

8.

Қазақ тілі мен әдебиеті-ғылыми –педагогикалықәдістемелік журнал




2.2 Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары

9.

Кенжебекова Ж., Аметова А., Айтбаева Б./Қазақ тілі (В2 деңгейі ). -Қарағанды: ҚарМУ, 2019 жыл




2.3.Интернет көздері

10.

kaz-tili.kz, www.sozdik.kz, www. soylem.kz, tilalemi.kz. emle.kz. terminkom.kz. atau.kz






8. Лекциялық кешен (лекция тезисі) қарастырылмаған.


9. Семинар сабақтардың жоспары
1-апта. Лексикалық тақырып: ӘУЛЕТ – АҒАЙЫН-ТУЫСҚАН ӘЛЕМІ
1.Әулет дәстүрі
2.Отбасы құндылықтары


1-сабақ
Сөздік қор:
Жеті ата
Түркі тектес халықтар
Қазақ хандығы
Туыстық қарым-қатынас
Батыр бабалар
Жеті атаға дейінгі дәстүр
Қанның құрамы
Қыз алыспау
Тұқым қуалау
Батыр бабалар
Би-шешендер
Қасиетті сан
Өлім жазасы
Тыйым салу
Жарлық шығару


Айтылым.
Ойталқы:

  1. Әулетті Жеті атаға тарату себебін түсіндіріңіз

  2. Қазақ халқының туыстық қарым-қатынасының маңызы қандай?



Оқылым._2-тапсырма._Мәтінмен_жұмыс'>Оқылым.
2-тапсырма.
Мәтінмен жұмыс
Берілген 3 тарау бойынша топқа бөлініп жұмыс істеңіздер:
Жеті атаға дейін тараған ұрпақтың қыз алыспауы
Тұқым қуалайтын аурулар
Мәтіннен кейінгі қорытынды ой

Жеті Атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Аңыз әңгімеде: ХV ғасырда Қазақ Хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, жатып қалыпты. Белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емшіні шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты: Қандай ауруды емдеу қиын? Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын. Алдын алуға бола ма? Болады. Жеті Атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керек, -депті. Жеті- қазақ халқы үшін қасиетті сан. Жәнібек хан халыққа жеті атаға дейін үйленуге тыйым салыпты. «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін!» деген жарлық шығыпты. Қазақ хандары да осы жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты.




Тыңдалым.
3-тапсырма. Шалқар радиосынан арнайы хабар. Жеті атасын білген ер - жеті жұрттың қамын жер. Shalqar radiosy.
Хабарға қосымша өз ойыңызды дәлелдеңіз:
Меніңше ........., менің пайымдауымша ..........., менің пікірімше


4-тапсырма. Ақпаратты оқыңыз:
Ж.Бабалықұлының деректеріне сенсек, Оңтүстік Кореяның ғалымдары дүниежүзіндегі халықтардың қанының құрамын тексеріпті. Сонда ең таза қан, қазақтың қаны деп тауыпты. Жеті атаны ұстанады екен деген. Осында қазақтың қырық үш руының қанын тексергенде, әлгі қырық үш рудың қаны бір әкенің қанындай болып шыққан. Бұл – жеті атаның қасиеті. Жеті атаны ұстайтын қазақтан өзге ел жоқ. Ұйғыр халқы немересін алады. Өзбек немересін алады. Татар мен түрікмен де немересін алады. Немере дегеніміз – туыс. Немерені алғанымен адамның қаны бұзылады да, түрлі аурулар көбейеді. Нәсіл өзгереді.


Жазылым
5-тапсырма. Тақырыпқа сәйкес бұрынғы өткен шақта сөйлемдер құрастырыңыз


Үлгі: Құнанбай әулеті елге танымал болған
Әдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]


2-сабақ
1-тапсырма
Сөздік қор:
Абай ұрпағы
Ағайын-туыс
Бесінші ұрпақ
Ұлы адамның ұрпағы
Немере аға
Немере қарындас
Өнген әулет
Жалғыз тұқым
Қиын-қыстау кезең
Ұлы аталар мұрасы
Ұрпақ жалғастығы
Даналық сөздер
Үлкен әулет
Қуғын- сүргін


Оқылым
2-тапсырма. Сұхбатты кезектесіп оқыңыздар
Абай ұрпақтары жайлы не білесіз?
Ұлы Абай ұрпағымен сұхбат
Данияр Ақылбаев – Абай Құнанбаевтың Ақылбайдан тараған бесінші ұрпағы. Данияр сұхбат беруге оңай келіскен жоқ. Санкт- Петерборда білім алған.
– Абайдың ұрпағы екеніңізді достарыңыз да, әріптестеріңіз де білмейтін секілді. Неге?
– Ұлы адамның ұрпағы екенімді көпшілікке айта бергім келмейді.
– Қазір Абай ұрпақтарынан кім бар? Айналаңызда ағайын-туыс бар ма?
– Әке жағынан үшеуміз ғана: әкем, мен және немере ағам
– Менің әкем – Ақылбайдан қалған жалғыз тұқым.
– Әкеңіз – Абайдың тікелей ұрпағы екенін жақсы білесіз. Отбасында ұлы аталарыңыздың мұралары сақталған ба?
Ұлы бабамыздың өлең кітаптары, қарасөзі үйіміздің төрінде тұр.
– Ұлы Абайдың ұрпағы екеніңізді қай кезде білдіңіз?
- Бала кезімнен бабаларым жөнінде естіп, біліп өстім.
- Ұрпақ жалғастығы туралы пікіріңіз қалай?
-Иә, атамыз – ұлы Абай. Кейінгі ұрпақ арасында бабамыздай дананың дүниеге келетініне кім кепіл? Жеті атаңызды таратып айтып бере аласыз ба?
– Құнанбай – Абай – Ақылбай – Әлімқұл – Бағыфұр – Айдар – Данияр. Ақылбай ата – Абай атамыздың тұңғышы.. Құнанбай әулеті туралы алғаш Бағыфұр атамнан естідім. Абай ұрпақтарының көбі қуғын-сүргін көрді «Абай жолы» романын оқығанымда, біздің әулеттің тағдыры көз алдыма елестейді. Әкемнің анасы – Мұхтар Әуезовтің немере қарындасы. Құнанбай әулеті – өсіп-өнген әулет болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет